11 Қазан, 2013

Ел мерейін асырған

225 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылдың 28 мамырында Васильков кенішіндегі алтын айыру фабрикасын іске қосып, оған «Алтынтау-Көкшетау» деген ат берді. Бұл Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы шеңберіндегі озық жоба саналады. Айрықша нысан құрылысы 2008 жылдың ақпанында басталып, екі жылға жетпейтін рекордты уақытта аяқталды. Әлемдік тәжірибеде мұндай дәрежедегі фабриканың бой көтеруіне әдетте бес жыл жұмсалатын көрінеді.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылдың 28 мамырында Васильков кенішіндегі алтын айыру фабрикасын іске қосып, оған «Алтынтау-Көкшетау» деген ат берді. Бұл Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы шеңберіндегі озық жоба саналады. Айрықша нысан құрылысы 2008 жылдың ақпанында басталып, екі жылға жетпейтін рекордты уақытта аяқталды. Әлемдік тәжірибеде мұндай дәрежедегі фабриканың бой көтеруіне әдетте бес жыл жұмсалатын көрінеді.

Өндіріс аумағы, қалдық қоймасын қоса есептегенде, 3 гектарды алып жатыр. Оның құрылысына 2000 адам, 40 кран, 20 мердігер ұйым қатысқан. Мұндайда екпін болатыны анық. Бірақ, құрылыс ісі мен жобалау-сметалық құжаттардың дайын­далуы қатар жүргізілгені уақыттан ұтуға септік жасағаны көрініп тұр.

Фабрикаға жұмылдырылған инвестиция көлемі де аталған жобаның ұтқырлығы мен ел ауқымындағы стратегиялық маңызын айқындай түседі. Оның құрылысына 425,5 миллион доллар қаржы жұмсалса, қазіргі таңдағы кешенді қайта жаңғырту ісіне 64,1 миллион доллар бөлінді. Бұған қосымша, тау-кен дайындығы жұмыстарына 2017 жылға дейін 65,5 миллион доллар қар­жы бағыттау жоспарланып отыр. «Алтынтау-Көк­ше­тау» фабрикасында шетел­дік озық 10 фирманың 600 атаулы жабдықтары орна­лас­тырылған. Мұндай жағдайда ин­вестициялық жобаларды бас­қару үдерісінің қиындығы мен қызықтылығын безбендеу де оңай еместігі белгілі.

Қайтарым қандай дегенде, өндірістік тақтадағы цифрларға назар салғанымыз жөн сияқты. Кәсіпорын 2009-2012 жылдар аралығында 42,3 миллион текше метр тау жынысын өңдеп, 16,3 миллион текше метр руда өндірді. Сондай-ақ, 35 миллион тонна темір рудасын байыту фабрикасына жөнелтіп, 21,2 тонна алтын алған. Алтын фабрикасы іске қосылғалы табиғатты қорғау шараларына 13,5 миллион доллар жұмсалыпты. Улы әсердегі заттар 111 мың шаршы метрлік арнайы қоймада сақталады. Оның ауқымын елестету үшін, қоймаға 27 футбол алаңын орналастыруға болатындығын айтуымызға болады. Мұнда 2005 жылдан бері 1700 жаңа жұмыс орны құрылса, жалақы мөлшері Ақмола облысының жиынтық көрсеткішінен 1,26 есе, еліміз бойынша 1,57 есе артық. Жыл сайын 47,5 миллион долларға жуық салық өтемдерін қамтамасыз ететін ұжым өз жұмысшылары үшін 95 пәтерлі жаңа тұрғын үйді пайдалануға берсе, қалалықтарға 320 орындық балалар бақшасын сыйға тартып, бұрын болмаған теннис орталығын игілікке беру қамында.

Республика Үкіметі алтын өндірушілер еңбегін лайықты бағалады. Кәсіпорын Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен халықаралық «Алтын гефест» марапатының иегері атанып отыр.

Думан ӘБДІРАМАНОВ,

«Алтынтау – Көкшетау» ЖШС атқарушы

директоры.

Соңғы жаңалықтар