11 Қазан, 2013

Өрісте – мал, қырманда – астық, алқапта – картоп

320 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі үстіміздегі жылдың қаңтар-тамызында 56,6 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,4 пайызға артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 17,0 мил­лиард теңге болды. Нақты көлем индексі 131,5 пайызға жетті. Мал шаруашылығының өнімі 39,4 миллиард теңгеге тұрақтады.

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі үстіміздегі жылдың қаңтар-тамызында 56,6 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,4 пайызға артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 17,0 мил­лиард теңге болды. Нақты көлем индексі 131,5 пайызға жетті. Мал шаруашылығының өнімі 39,4 миллиард теңгеге тұрақтады.

Агроөнеркәсіп кешенін қол­дауға биыл 3321,0 миллион теңге субсидия бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 1866,4 миллион теңге, облыстық бюджеттен 1454,6 миллион теңге қаралды. Ал үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне 1352,3 миллион теңге игеріліп отыр. Оның ішінде республикалық бюджеттен игерілгені 457,0 миллион теңге болса, облыстық бюджет қаржысының 895,3 миллион теңгесі жаратылды.

Облыс егін шаруашылығында масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Масақты дәнді дақылдардың жалпы өнімі 414,9 мың тоннаны құрады. Облыс бойынша дәнді-дақылдардың орташа түсімділігі гектарына 18,5 центнерден айналды. Ал мал азығын дайындау, көкөніс, картоп, майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда.

Мал шаруашылығында ша­руашылықтың барлық санаттары бойынша 56,6 мың тонна ет өндіріліп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға артық.

Қой мен ешкі басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыс­тырғанда 1,5 пайызға (2762,6 мың бас), жылқы – 2,9 пайызға (98,6 мың бас), түйе – 6,1 пайызға (5,8 мың бас), шошқа – 4,6 пайызға (42,5 мың бас) өсті.

«Сыбаға» мемлекеттік бағ­дар­­­ламасының шеңберінде үсті­міздегі жылы 4700 аналық мал басын сатып алу қарастырылған. «Ауыл шаруашылығын қар­жы­лай қолдау қоры» АҚ және «Аг­рарлық несие корпорациясы» АҚ облыс­тық филиалдарымен 88 шаруа қожалықтарына 764,7 миллион теңгеге несие беріліп, 4104 сиыр және 217 бұқа сатып алынды.

Түйіп айтсақ, республика бо­йын­ша ауылшаруашылық өні­мі­нің көлемінде облы­сы­мыздың үлесі 6 пайызды құрап отыр.

Абдалы НҰРАЛИЕВ,

Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының бастығы.

Соңғы жаңалықтар