11 Қазан, 2013

«Нафатаның» сыйлығы – спорт кешені

340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

IMG 5203Қазір не көп, еліміздің кез келген қалалары мен елді мекендерінде ашылып жатқан кафе-мейрамханалар мен сауда, ойын-сауық орындары көп. Әрине, оның қажеттілігін жоққа шығаруға болмайды. Әйтсе де, жеке бизнес өкілдерінің біріншіден өз пайдаларын көздеп осындай сипаттағы нысандар тұрғызуға бейім тұратыны да жасырын емес. Оның есесіне олар спорт кешендері мен мәдени-демалыс ғимараттарын салып пайдалануға беріпті деген жағымды жаңалықты сирек естиміз. Бұл отандық шағын және ірі бизнес құрылымдары арасында меценаттық қозғалыстың әлі де баяу екенін танытқандай.

Қазір не көп, еліміздің кез келген қалалары мен елді мекендерінде ашылып жатқан кафе-мейрамханалар мен сауда, ойын-сауық орындары көп. Әрине, оның қажеттілігін жоққа шығаруға болмайды. Әйтсе де, жеке бизнес өкілдерінің біріншіден өз пайдаларын көздеп осындай сипаттағы нысандар тұрғызуға бейім тұратыны да жасырын емес. Оның есесіне олар спорт кешендері мен мәдени-демалыс ғимараттарын салып пайдалануға беріпті деген жағымды жаңалықты сирек естиміз. Бұл отандық шағын және ірі бизнес құрылымдары арасында меценаттық қозғалыстың әлі де баяу екенін танытқандай.

IMG 5203

Орал қаласында осындай әлеуметтік мәні мен маңызы жоғары, бұқаралық спорттың дамуына өз септігін тигізе алатын айрықша нысанның ашылуына «Нафата» сауда үйі» ЖШС бастамашы болып отыр. Бұл құрылым «Конденсат» АҚ компаниясы құрамына кіреді. Оның басшысы Валерий Жүнісов жаңа спорт кешені тек компания қызметкерлері үшін ғана емес, сонымен бірге, барша өңір тұрғын­­дарының спортпен шұғылданулары үшін жасалған баға жетпес сый екенін атап көрсетті.

Айнадай жарқыраған су жаңа ғимараттың сыртқы көрінісі қандай сәнді болса, оның ішіндегі спорт залдары көп қырлылығымен ерекшеленеді. Мұнда, бір сөзбен айтқанда, спорттың жеңіл атлетика деп аталатын сапына кіретін – футбол, валейбол, көркем гимнастика, үстел теннисі, үлкен теннис, бадминтон секілді түрлерімен кез келген тұрғын емін-еркін айналыса алады.

Аталған жаңа спорт кешені Орал қала­сының қақ орталығында, Кеңес Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиев көшесінің бойында орналасқан.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ.

––––––––––––––

Суретте: жаңа спорт кешенінің сыртқы көрінісі.

Соңғы жаңалықтар