Қазір жұрт бұрын астығымен, кенімен аты шыққан Қостанайды машина жасау өнеркәсібімен біле бастады. «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамы мен «СарыаркаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл үшінші жыл машинаның түр-түрін сапқа қойып отыр. Мұнда ауыл шаруашылығына қажетті техникалардан бастап жүк машиналары, жүрдек жеңіл машиналар құрастырылады. Өткен жылы барлығы 2000 машина шығарылды. Ал биыл ол төрт есеге көбеймек. Келер жылы машина он есеге көп құрастырылады. Ал бес жылдан кейін Қостанайдан жылына 75 мың машина өз иелеріне жол тартатын болады. Әзірше қостанайлық жүрдек машиналар ішкі нарықты қамтамасыз етеді.

Дәл қазір «АгромашХолдингтің» атшаптырым цехында автомобильдерді құрастыру үшін дәнекерлейтін, қапталдарын бояйтын заманауи жабдықтар орналастырылуда, олар жоғары технологиямен жұмыс істейді. Бұл цехта SsangYong жүрдек жеңіл машинасының Nomad моделі құрастырылатын болады. Жақында ғана цехта бұл темір тұлпардың жалғыз үлгісі пайда болды. Оны қостанайлық машина жасау зауытының мамандары Оңтүстік Кореядағы SsangYong зауытынан өздері құрастырып алып келді. Сонымен қатар, біздің мамандар мен жұмысшылар Оңтүстік Кореяда оқып, тәжірибе жинақтап келді. Цех осы жылдың аяғында машина құрастыруға дайын болмақшы.
Қостанайдағы автомобиль құрастыру кәсіпорнындағы шабытты істер еліміздің индустрия саласындағы жобалардың үздіксіз жүзеге асырылуына үлес қосады. Ең бастысы, ол республиканың экспорттық әлеуетін күшейтетін болады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».