11 Қазан, 2013

Ұлттық экспорттық стратегия

372 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Оны әзірлеуге бизнес өкілдері де мүдделі

Алматыда ұлттық экспорттық стратегияны (ҰЭС) талқылау жөніндегі дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға бизнес-қауымдастықтардың өкілдері мен тауар өндірушілер қатысуға мүмкіндік алды. Осынау басқосу «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің ҰЭС-тың негізгі әзірлеушісі ретінде Қазақстан қалаларында өткізуге жоспарланған кездесулер топтамасындағы алғашқысы деп айтуға болады.

 

Оны әзірлеуге бизнес өкілдері де мүдделі

Алматыда ұлттық экспорттық стратегияны (ҰЭС) талқылау жөніндегі дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға бизнес-қауымдастықтардың өкілдері мен тауар өндірушілер қатысуға мүмкіндік алды. Осынау басқосу «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің ҰЭС-тың негізгі әзірлеушісі ретінде Қазақстан қалаларында өткізуге жоспарланған кездесулер топтамасындағы алғашқысы деп айтуға болады.

Сонымен «KAZNEX INVEST» мемлекет­тік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілде­рі­мен бірлесе отырып, Қазақстанның 2020 жыл­ға дейінгі ұлттық экспорттық стратегиясын әзірлеуге кірісті.

Бұл құжаттың қажеттілігі Индустрия­ландыру картасына сәйкес тауарлардың ауқымды өндірісінің күтіліп отырғанына байланысты болып отыр. Стратегияның негізгі мақсаты – экспортты қолдаудың жалпыұлттық жүйесін қалыптастыру, оның нәтижесі шикізаттық емес экспорт үлесінің артуы, оны географиялық және тауарлық әртараптандыру болмақ. Бұл өнімнің қосымша құнын арттыруға және ел экономикасының интернационалдануын арттыруға бағытталған жаңа индустрияландыру бағдарламасының (ҮИИДМБ) екінші бес жылдығындағы негізгі басымдықтармен өзара тығыз байланысты.

Бизнес-қауымдастықты ұлттық экс­порт­тық стратегия жөнінде ауқымды түрде ақпараттандыру үшін «KAZNEX INVEST» агенттігі қалалық әкімдіктердің қолдау көрсетуімен өңірлерде кездесулер өткі­зе­ді. Алматылық экспорттаушылармен өткен дөң­гелек үстел бизнесмендердің ұсы­ныс­тарына құлақ асуды және ҰЭС-ты әзір­леу кезінде оларды ескеруді көздейтін ақпа­раттық-пікірталас жұмысының басын бастап берді.

– Біз Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжік­стан, Әзербайжан секілді ТМД елдеріне экс­порттаймыз. Осы ретте Ресейге өнімді экс­порттау үлкен мәселе болып табылады, бірін­ші кезекте, бұл көп уақытты алатын және шығынды қажет ететін аккредитация­мен байланысты қиындық. Екінші мәсе­ле ­– қаржыландыру, бұған ресейлік банк­тер ын­­та­лы емес. Осыған байланысты экс­­порт­тау­шылардың қаржыландырылуын кідір­туге болмайтын салалық құрылымдарды нақ­ты белгілеп алу қажет. Бірінші кезекте, экс­портқа шығатын, сондай-ақ, республиканың эко­номикасы мен ІЖӨ-ге әсер ететін көлік құ­рас­тыру осындай салаға жатады. Одан қалды, экс­портшыларға салықтық жеңілдіктер мен ар­тықшылықтарды беру қажет, – деді «Ala­geum group» ЖШС бас директоры Нұржан Ысты­баев.

Аталмыш көлік құрастырушы компаниядан кейін сөз алған фармацевтикалық компания өкілі Валентина Полукарова:

– Қазіргі таңда біздің компания Қырғыз­стан, Ауғанстан нарықтарына белсенді түрде шы­ғып отыр. KAZNEX INVEST-тің қолдау көр­се­туімен Ауғанстан өкілдері Алматыға сапар­мен келмек, оның барысында біз серік­тестерге өзіміздің өнімімізді, өндірістік үрді­сімізді таныстыратын боламыз. Сонымен қатар, бізде Ресейдің фармацевтикалық нары­ғы­на шығу бойынша айтарлықтай үлкен жос­па­­ры­мыз бар. Алайда, бүгінгі күні бұл қиын мәсе­ле болып отыр. Осыған орай біздің өнімі­мізді жаңа нарықтарға ілгерілету бойынша сер­вис­тік қолдау алу қажет деп есептейміз, – деді.

Сонымен ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу жөніндегі сараптау тобының бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуі биылғы жылдың қазан-қараша айларында Шымкент, Орал және Павлодар қалаларында жалғасатын болады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар