"Әзірге, клиникалық зерттеулерге көшу үшін төрт вакцина мақұлданды. Қалған алтауы әлі де зерттеліп жатыр", - деді аталмыш департамент басшысы Стивен Хан арнайы баспасөз конференциясында.
Мамыр айында АҚШ әкімшілігі Warp Speed операциясын іске қосқан еді. Бұл денсаулық сақтау департаменті мен Пентагонның бірлескен жобасы. Қазір осы жоба аясында 2021 жылдың қаңтарына дейін 300 миллион дозадан тұратын COVID-19 вакцинасын шығару көзделген.
Өйткені, маусым айында жаппай наразылықтар мен коронавирус шектеулерінің алынуынан соң АҚШ-та COVID-19 ауруының таралуы күрт өсті.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір АҚШ-та 2,6 миллион коронавирус жағдайы расталған, 126 мыңнан астам адам қайтыс болған.