Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика министрі Сухеил Мұхаммед Альмазруиді қабылдады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика министрі Сухеил Мұхаммед Альмазруиді қабылдады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Кездесу аясында әңгімелесуші тараптар өзара қызығушылықты білдіретін инвестициялық, сауда-экономикалық және саяси саладағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Біріккен Қазақстан-Эмираттар үкіметаралық комиссияның қызметі, сондай-ақ екі ел арасындағы СІМ-аралық саяси кеңестің даму рөлі атап өтілді.
Бұған қоса, тараптар 2020 жылы ЭКСПО көрмесін өткізуге БАӘ-нің үміткерлігін және ЭКСПО-2017 Астанада өтетініне байланысты дайындық мәселелерін талқылады.