11 Қазан, 2013

Ауыл еңбеккерлері күш-жігер жұмсауға дайын

434 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында Б.Сапарбаев ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселесіне баса назар аудара келіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттердің өңірде іске асырылуы туралы баяндаған.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақ­стан облысының әкімі өсімдік өнімдері өндірісін ұлғайту жөнін­дегі шаралардан хабардар еткен. Мысалы, ауыл шаруашылығы да­қыл­дарының егістік алқабы 77,6 мың гектарға, негізгі майлы және жемшөп дақылдарының егістік алқабы 62,8 мың гектарға ұл­ғайтылған. 370 мың гектар алқап­та ылғал сақтау технология­сы енгізілген, құны 3,5 млрд. тең­ге болатын 340-тан астам ауыл ша­руа­шылығы техникасы сатып алынған.

Мемлекеттік қолдау шаралары арқасында өңірде 1 миллион тоннадан астам астық жиналды, бұл ұн, нан және нан өнімдеріне деген облыс тұрғындары сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда майлы дақылдардың жиын-терін жұмысы жүріп жатыр, оның түсімі гектарына 11,4 центнерді құрайды.

Б.Сапарбаев өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты биылғы 8 айда 4,7 миллиард теңгеге жеткенін, ал бұл көрсеткіш 2012 жылы 2,6 миллиард теңге болғанын атап өткен.

Хат соңында Шығыс Қазақ­стан облысының әкімі өңірдің ауыл шаруашылығы саласының ең­беккерлері еліміздің агроөнер­кә­сіп кешенін жеделдете дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірген.

Соңғы жаңалықтар