11 Қазан, 2013

Құттықтау жеделхатын жолдады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына орай Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев И.Әлиевтің ел Президенті лауазымындағы қызметі Әзербайжанды одан әрі жан-жақты дамытуға және өркендетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірген.

– Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің аясы алдағы уақытта да кеңейіп, халықтарымыздың игілігі жолында нығая түсетін болады, – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті И.Әлиев­ке зор денсаулық, қызметінде жаңа биіктер, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.

Соңғы жаңалықтар