Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) 6 107 жобаны іске асыру басталып, олар бойынша 130,6 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы орындар іске асыру үшін 6 506 жобаны іріктеп алды.
ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:
– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 703 жоба);
– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 039 жоба);
– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 799 жоба);
– елді мекендерді абаттандыру (965 жоба).
ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кем дегенде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілетін болады. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс.
Өңірлерде 6 107 жоба бойынша жұмыс басталды, 130,6 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 71,3 мың адам жұмысқа орналасты.
ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.
Бұдан бұрын хабарлағандай, ЖҚЖК іске асырудың айтарлықтай оң әсері сезілмек.
Мысалы, 80 жаңа білім беру объектісінің құрылысы апатты және үш ауысымды мектептердің мәселелерін шешуге, ауылдық жерлерде білім беру орындарына қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ 7 мыңға жуық мұғалімді тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 24 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділікті арттырады, сондай-ақ шамамен 1 мың медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 36 мәдениет және спорт нысанының құрылысы бұқаралық спортты дамытуға оң әсер етіп, жастар үшін бос уақыт мәселесін шешуге және 1,6 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, су шаруашылығының 12 жаңа объектісін салу және қолданыстағыларын жаңғырту халық үшін ауыз судың қолжетімділігін арттырады, суармалы жерлердің көлемін кеңейтуге, пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тартуға, аралас салаларда 77 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 247 жаңа объектісін салу және қолданыстағыларын жаңғырту тұрғын үй құрылысы үшін жағдай жасайды, ауыл тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, коммуналдық желінің тозуын төмендетеді. Елдімекендерді абаттандыру олардың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіз және жайлы демалысы үшін жағдай жасайды.
Қазақстан • Бүгін, 22:38
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Бүгін, 22:35
Аймақтар • Бүгін, 22:32
Қазақстан • Бүгін, 22:27
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Бүгін, 22:24
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Бүгін, 22:22
Қоғам • Бүгін, 22:20
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Бүгін, 22:19
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Бүгін, 22:16
Мұғалім – оқушы – ата-ана: Бұл үштіктің бала тәрбиесіндегі маңызы ұшан-теңіз
Қоғам • Бүгін, 22:13
Экономика • Бүгін, 22:12
Экономика • Бүгін, 22:09
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Бүгін, 22:06
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 22:04
Өресі биік өнертанушы Мәриям Ахметова туралы не білеміз?
Өнер • Бүгін, 22:00
Өнер • Бүгін, 21:59
Өнер • Бүгін, 21:57
Өнер • Бүгін, 21:56
Таным • Бүгін, 21:53
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Бүгін, 21:51
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Бүгін, 21:49
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Бүгін, 21:44
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Бүгін, 21:41
Қазақстанның әйелдер командасы жүзуден Исламиада медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 21:40
Кино • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:36
Мұқтаж отбасындағы баланы мектепке дайындауға 43 мың теңгеден берілді
Қоғам • Бүгін, 21:08
Елімізде алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 20:45
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 20:10
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 19:35
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 19:10
Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапқан
Әлем • Бүгін, 18:53
Исламиада ойындары: Бүгін қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 18:20
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:52
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:43
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Бүгін, 17:35
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 17:22
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Бүгін, 17:10
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Бүгін, 17:01
Ұқсас жаңалықтар