Қазақстан • 02 Шілде, 2020

Шымкентте тағы бір "Аntikor Оrtalyǵy" ашылды

103 рет көрсетілді

Шымкент қаласында "Аntikor ortalyǵy" сервистік орталығы ашылды. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев ВКБ арқылы онлайн-форматта қатысты. Орталықтың ашылуы Елорда күнін мерекелеуге арналды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі М.Айтенов, Агенттік Департаментінің басшысы А.Жұмағали, сонымен қоса қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Аntikor ortalyǵy" – азаматтарға білікті мамандардан жайлы жағдайда жедел заңдық кеңес алуға мүмкіндік беретін диалог алаңы. Орталыққа кез-келген азамат жүгіне алады: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері күн сайын  қабылдайды.

Сервистік орталықты ашуға тұтынушыға бағдарлану қағидаттарына сай келушілерге ыңғайлы фронт-кеңсе мен оpen space форматының тиімді үйлесімі негіз болған.

Антикор-орталығының алаңында «Шымкент – Адалдық алаңы» мен "Protecting business and investments" жобалық кеңселері жұмыс істейтін болады. Мұнда "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен арнайы мониторинг топ мүшелеріне, азаматтарды қабылдауға кабинеттер, мәжіліс залы қарастырылған.

Агенттік Төрағасы өзінің құттықтау сөзінде халықпен жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті: "Біз күн сайын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың барынша өзгеріп жатқанын байқап жүрміз. Шенеуніктер өз ойын тәртібін белгілеп, ал азаматтар оған бағынатын жабық процестер барлық әлемде келмеске кетуде. Қазір басымдықтар өзгеруде, енді бюрократияға емес, азаматтардың қажеттіліктеріне ден қойылуда, тұтынушыға бағдарлану алдыңғы орында тұр. Агенттік те өз қызметінде осы қағидатты ұстанады және жемқорлықтың салдарымен күреспей, оның алдын алу үшін азаматтардың шағымдарымен жұмысқа көп көңіл бөледі", деді ол. 

Өз кезегінде, Шымкент қаласының әкімі М.Айтенов: "Қазіргі таңда Шымкент қаласында  көрсетілетін  164 мемлекеттік қызметтің 88,1% автоматтандырылған. Бұл жемқорлықты азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған құқықтық-әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларды іске асыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті.

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен "Аntikor ortalyǵy" еліміздің барлық өңірлерінде ашылып жатқанын еске саламыз.Қазіргі таңда 16 сервистік орталықта азаматтарды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар

Сора еккен тұрғын тергелуде

Аймақтар • Бүгін, 16:33

Ұқсас жаңалықтар