11 Қазан, 2013

Футбол королі Пелені өз немерелері сотқа берді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 10-PeleАтақты Бразилия футболшысы Пелені өз немерелері сотқа берді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Diario de Sao Paulo» газетінің мәліметі бойынша, сотқа шағымданған Пеленің 2006 жылы қайтыс болған Сандра Регина есімді қызының 13 пен 15 жасар ұлдары болып шықты.

Арыз бойынша атақты футболшының немерелері Октавио мен Габриэль медициналық сақтандыру мен оқу төлемі үшін атасынан әрқайсысына 6 мың доллар өтемақы төлеуін талап еткен. Олардың қорғаушысы Клаудио Форссель Пеле немерелерімен кездесуден бас тартқанын және оларды соңғы рет 2011 жылы көргенін мәлімдеді. Сондай-ақ футбол каролі некесіз туылған қызы Сандра Регинаға жіті көңіл бөлмеген көрінеді. Бұл жөнінде қызы өзінің «Корольдің қаламаған қызы» атты кітабында ашық жазған.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар