Төтенше жағдай режімі тоқтағаннан кейін қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмай, індет ырыққа көнбей барады. Осыны назарға алған Президент эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Үкіметке шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. Соған сәйкес Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күн шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қатаң шектеу шараларын енгізу мәслелері, арнайы іс-қимыл жоспарлары қаралды. Аталған жоспарда азаматтар мен бизнестің мүдделері толық ескерілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов кеңінен айтып берді.
Оның айтуынша, бағыттар санын өсірмей, өңірлер арасындағы әуе қатынасы бұрынғы деңгейде сақталады. Темір жол арқылы жолаушылар тасымалы қысқарады. Қалалар арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату ескерілген. Өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлауға рұқсат етіледі. Уақыт бойынша шектеулерді ескере отырып, қоғамдық көліктің жұмысы сақталады. Сондай-ақ қалаға кіріп-шығу үшін ешқандай анықтаманың қажеті жоқ. Қалалар мен өңірлер арасында блок-бекеттер орнатылмайды. Бірақ өңірлер арасында қатынайтын жолаушылар автобусы тоқтатылады. Жалпы шектеу шаралары туралы Мемлекеттік комиссияның отырысында толық мағлұмат берілді.
– Белгіленген 14 күндік карантин бойынша мониторинг жүргізіліп, қорытындылар шығарылады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылданады. Карантиндік режім мен бекітілген санитарлық-эпидемиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК (83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК (638 940 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады, – деді
Е.Тоғжанов.
Сондай-ақ ол күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – медициналық мекемелердің КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру екенін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін инфекциялық, провизорлық орын саны 50%-ға өсіп, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізіледі. Тамыз айына дейін ПТР-тестермен қамту тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға жеткізіледі. Барлық медицина мекемелеріне техникалық қажет заттар алынып жатыр. Бұл бағытта жұмыс тоқтаған емес.
– Қазір әлеуметтік желілерде неше түрлі емдеу жолдарын көріп алып, осыған байланысты дәрі-дәрмек сұрап жатқан азаматтар аз емес. Бірақ та емдеу жолдарын ауру нақты анықталғаннан кейін тек қана дәрігер айтуы мүмкін. 70 мыңға жуық дәрі-дәрмекті жарты сағаттың ішінде алып кеткен жағдай да болды. Сондықтан құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Бүкіл азаматтардан сұрайтынымыз, мұны сауда-саттыққа айналдырғысы келетіндер де жоқ емес. Осындай жағдай белгілі болғанда бізге тез арада ақпарат беруді өтінеміз, – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Ералы Тоғжанов вирустың кең таралуына халықтың ескертулерге немқұрайлы қарап, құлақ аспағаны себеп болғанын айтты.
– Әлем бойынша бұл індетті 10 миллионнан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің ел тығылып, той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мысалға, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты басқа да іс-шаралар толып жатыр. Оған көптеген азамат куә. Осындай шараның соңында кемінде 20-дан аса адам ауруханаға түсіп, қаза болып жатқандар да мәлім. Мемлекет басшысы айтқандай, қазір – той тойлайтын емес, ой ойлайтын кезең. Біз – бір халықпыз. Олай болса, жауапкершілігіміз де бір. «Жақыныңа жанашыр бол!» деп бүкіл БАҚ арқылы айтылып жатқан ескерту – сіз бен бізге арналған үндеу. Ең алдымен жеке басымыздың жауапкершілігі, отбасымыздың алдындағы және қоғам алдындағы жауапкершілік болу қажет, – деді Е.Тоғжанов.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі эпидемиялық ахуалға тоқталып, іске асырылып жатқан шаралардан хабардар етті. Оның айтуынша, коронавирус жұқтыру күдігі болған адамдарға, індетті жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретін азаматтарға көшпелі бригадалар амбулаториялық көмек көрсетеді. Осы күнге дейін 380 бригада құрылыпты. Олардың санын 3 мыңға жеткізу көзделіп отыр. 1 шілдеден бастап көшпелі бригадалардың қызметі үшін арнайы тариф белгіленді. Ал емханаларға тіркелген халық учаскелік дәрігерлерден консультациялық көмек ала береді. Емханаға анықтама бойынша барғандарға карантиндік фильтрлер арқылы қызмет көрсетіледі.
– Жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуі мәселесін қысқа мерзім ішінде әкімдіктермен бірігіп шешеміз. Медициналық емес ұйымдардың есебінен осы мәселе ретке келтіріледі. Республикалық бюджеттен қазірдің өзінде 807 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Шілде айында бұл көліктердің алғашқы партиясы –Нұр-Сұлтанға 14, Солтүстік Қазақстанға 18-і жеткізіледі. Ал кадрлық жетіспеушілікті шешу үшін медициналық колледждердің түлектері, яғни 112 адам жұмысқа тартылып жатыр. Жергілікті атқарушы органдарға әртүрлі ресурс арқылы қосымша корона-такси шығару туралы ұсыныс берілді. Күн сайын республикада ауысым бойынша 1400 көшпелі бригада шығады. Шақырылатын орынға шығудың орташа тәуліктік көрсеткіші кейінгі екі аптада 30 мыңнан асып кетті. Бұл – қалыпты жүктемеден екі есе көп, – деді А.Цой.
Сондай-ақ ол COVID-19 пациенттеріне стационарлық көмек көрсету құрылымы өзгертіліп жатқанын атап өтті. 13 мың төсектік-орын бар карантиндік стационарлар провизорлық және инфекциялық емхана болып жасақталуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен төсектік-орындардың саны 50 мыңға көбейтіледі. Кейінгі үш күннің ішінде коронавирус жұқтырған азаматтар үшін қосымша 1,5 мың төсектік-орын жасақталды. Ал КВИ жұқтырғаны жөнінде күдігі бар азаматтарға 5 мың провизорлық төсектік-орын әзірленді. Бүгінгі таңда 333 медициналық ұйымда 20 мың инфекциялық төсектік-орын бар. Оның көбіне пневмониямен түскендер жатқызылып жатыр.
– Өкпені жасанды желдетудің 3 мыңға тарта аппараты бар стационарларда қосымша 987 аппарат сатып алынады. Сонымен қатар осындай аппараттың тағы 1 мыңын сатып алу көзделуде. Одан бөлек оксигено-терапиямен тұрақты түрде қамту үшін 4 мың оттегі концентраторын сатып алу жоспарланған. Жалпы, коронавирус инфекциясы бойынша науқастарды толығымен қамту үшін стационарларда құны 138,8 млн теңгеге 59 дәрі-дәрмек түрі сатып алынды. 2 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі медициналық ұйымдар 27 мың науқасқа арналған вирусқа қарсы препараттармен қамтылған. Бұған қоса 15 шілдеге дейін тағы 28 мың науқасқа арналған дәрі-дәрмекті әкелу көзделіп отыр, – деді министр.
Қалай дегенмен шетін жағдайды қадағалап, елдің тұтастығы мен амандығы үшін шұғыл шаралар қолға алынып жатыр. Сондықтан халқымыз селсоқтық танытпай, індетпен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалап, қауіпсіздік шараларына баса мән бергені аса маңызды.
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар