11 Қазан, 2013

Ақтөбеде бір мешіт жабылды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 10-УuАқтөбе облысындағы қалалық прокуратура жергілікті жердегі «Фатиха» мешітіне тексеру жүргізіп, заңсыздық анықтады. Бұл туралы «ОКО» газеті жазды.

Ақтөбе қалалық прокуратура қызметкерлері мәлімдегендей, өткен жылы аталған мешіт тіркеуден өтпеген. Ал мешіт қызметкерлерінің жеке тұрғын үйде қызмет атқаратыны мәлім болды. Осы тұрғын үй иесінің арнайы білімі жоқ болса да, имам болып жүр екен. Сондықтан тұрғын үйді мешіт қылған үй иесіне айыппұл салынып, оның жұмысына шектеу қойылды.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар