11 Қазан, 2013

26 жастағы жігіт 2 жасар баланың кейпінде қалып қойған

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 10-Undistandik jigit 1Үндістанда 26 жастағы жігіт 2 жасар баланың кейпінде қалып қойған. Бұл туралы Paranormal-news.ru хабарлады.

Джейли Лингдо есімді азамат Үндістанның солтүстігіндегі Мегхалая штатында 26 жыл бұрын дүниеге келген. Бірақ, жасы үлкен болғанымен, ол екі жасар баладан айнымайды. Оның бойы 80 сантиметр, ал салмағы бар болғаны 11 кило.

11 10-Undistandik jigit 2Джейлидің ой-өрісі де сол қалпында қалып қойған. Ал оның ата-анасы қарапайым шаруалар. Олар әлі күнге дейін балаларына сәбилерге арналған киім кигізеді.

Дәрігерлер медицина саласында бұл ауруды жазатын керемет бір жаңалық ойлап табылмаса, оның сол қалпында қалатынын айтады. Бұл таң қаларлық құбылысқа гипофиз дамуының бұзылуы әсер еткен көрінеді...

11 10-Undistandik jigit 3

 

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар