Атырауда террористік іске қатысы бар 9 азаматқа сот үкімі шықты. Олар 2009-2012 жылдары Қазақстанда тыйым салынған салафиттік бағыттағы идеологияны насихаттаумен айналысқан. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев хабарлады.

«Қыркүйек айының аяғында басталған сот процесі жабық түрде өтіп, оған БАҚ өкілдері мен сотталушылардың туыстары қатыстырылған жоқ. Тек жасөспірім балалардың ата-аналары ғана қатысуға мүмкіндік алды. Топ басшылары Роман Баярисов пен Рамиз Ким қылмыстық топтың қызметіне жасы кәмелетке толмаған балаларды тарту белгілерімен кінәлі деп танылып, 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды», – делінген хабарламада.
«Рамиз Ким кәмелетке толмаған адамға нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, бопсалау жолымен нәпсіқұмарлық сипаттағы еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына мәжбүр ету баптары бойынша сотталды. Қылмыстық топтағы кәмелетке толмаған Әділхан Қыдырсихов пен Тұрғанбай Ағорыновтың жастығы ескеріліп, оларға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді баспасөз хатшысы.
Жалпы, Атырау облысында тек биылғы жылдың өзінде терроризм бабы бойынша осымен үшінші рет сот процесі өтіп, 25 адам сотталды.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.