Жыл сайын, 1970 жылдан бастап әлемдік қауымдастық 14 қазанда Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Әр жыл сайын Дүниежүзілік стандарттар күні белгілі бір ұранмен атап өтіледі. 2013 жылы Дүниежүзілік стандарттар күні «Халықаралық стандарттар оң өзгерістерге жағдай жасайды» деген ұранмен атап өтілмек.
Жыл сайын, 1970 жылдан бастап әлемдік қауымдастық 14 қазанда Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Әр жыл сайын Дүниежүзілік стандарттар күні белгілі бір ұранмен атап өтіледі. 2013 жылы Дүниежүзілік стандарттар күні «Халықаралық стандарттар оң өзгерістерге жағдай жасайды» деген ұранмен атап өтілмек.
Стандарттар – нақты техникалық талаптардың көмегімен жаһандық рыноктарға шығуға жол ашуға, бизнес үшін сындарлы орта құруға, экономикалық өсімді ынталандыруға, ахуалдың теріс өзгерістерін төмендетуге немесе оларға бейімделуге қажетті оң өзгерістерді жүзеге асыратын қуатты құралдар.
Дүниежүзілік стандарттар күнін өткізудің мақсаты – әлемдік экономика үшін жаһандық стандарттаудың маңыздылығын әлемдік ғылыми-техникалық қауымдастыққа көрсету және тұтынушылардың, бизнестің, өнеркәсіптің, бүкіл әлемдегі үкіметтердің мұқтаждарын қанағаттандыруға көмектесудегі оның рөлін насихаттау.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті бүгінде Қазақстан Республикасындағы стандарттардың жалпы саны 4 849 бірлікті құрайтынын, оның ішінде 3 501-і халықаралық талаптармен үйлестірілгендігін атап көрсетеді. Ол жалпы үйлестірілу көрсеткішінің 72,15 пайызын құрайды.
Стандарттар әзірлеу үшін республикада стандарттау жөніндегі 51 техникалық комитет жұмыс істейді. Олардың құрамына өнімдерді дайындаушылар мен тұтынушылар, мүдделі адамдар кіреді.
Жыл сайын 600-ден астам стандарттар әзірленеді. Бұл орайда оларды халықаралық және өңірлік талаптармен (ИСО, МЭК, ЕН) үйлестіруге, сол сияқты 2010-2014 жылға дейінгі мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын басым бағыттар бойынша жүзеге асыруға зор көңіл бөлінеді. Оның сыртында, бүгінде Кеден одағы техникалық регламенттері талаптарын орындау және тиісті өнімдерге бағалауды жүзеге асыру мақсатында экономиканың салалары бойынша техникалық реттеу салаларында маңызды нормативтік базаны құру бөлігіндегі жұмыстар анағұрлым көкейкесті.
Бүгінгі күні Техникалық реттеу және метрология комитеті өз жұмысын стандарттау саласындағы заманауи халықаралық талаптарға сәйкес ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде экономиканың барлық салаларын қамтитын стандарттау жоспарларын жасау жөніндегі Үкіметтің тапсырмасына сәйкес құруда. Бұл ұмтылыстар халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болуда, бұл бағыттағы жұмыстар Кеден одағы жағдайында және Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі қарсаңында одан әрі жалғасуда.
Бұл күндері әлемдік қауымдастық әлемдік рыноктардың трансформациялануымен, сол сияқты макроэкономикалық проблемаларды шешуде тепе-теңдікті қамтамасыз ету, климаттың өзгеруіне шұғыл және мақсатты түрде жауап беру қажеттіліктерімен бетпе-бет келуде. Осындай күрделі жағдайда стандарттар жаңа әлемдік рыноктарды игеруге, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға, экономикалық өсімді жеделдетуге жағдай жасайтын талаптарды белгілеу жолымен оң өзгерістерді жүзеге асырудың ықпалды құралы болып отыр.
Қазіргі заманғы стандарттар елдерді біріктіреді, мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы тауар айналысын жолға қоюға жағдай жасайды, еңбектің, кәсіпкерлік рухының тиімділігін арттырады. Адамдардың талаптары мен мұқтаждарын қанағаттандыруға назар аудартады, яғни бұлардың өзі бизнес өкілдерін өз өнімдерін тұрақты жетілдіріп отыруға итермелейтін, инновациялық технологиялардың дамуына жаңа серпін беретін факторлар болып табылады.
Мереке ТАҢАТАРОВ.