12 Қазан, 2013

Сайлауды бақылауға қатысты

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ERA 4801Парламент Мәжілісінің депутаты Үсенгелді Медеуов 8-10 қазанда Әзербайжанда болып, ТүркПА миссиясының құрамында осы елде өткен президент сайлауын бақылауға қатысты. ТүркПА бақылаушылар делегациясына Түркия Жалпыұлттық мәжілісінің депутаты Халюк Ипек жетекшілік етті.

Сапар барысында ТүркПА делегациясы Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Октай Аса­дов, Сыртқы істер министрі Е.Мамедяров және Орталық сайлау комиссиясының төрағасы М.Панаховпен кездесулер өткіз­ді. Сұхбат барысында депутат Ү.Медеуов Қазақстан мен Әзер­­байжан арасындағы қарым-қаты­настардың ауқымды дамып келе жатқанын атап өтіп, осы үрдістің заңнамалық негізін кеңейте түсу үшін екі ел парламентарийлерінің өзара әрекеттестігін одан әрі арттыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, қазақстандық депутат ТүркПА-ға мүше елдердегі сайлауларды өзара бақылау осы мемлекеттердегі сайлау процесінің жетілуіне септігін тигізетінін тілге тиек етті.

9 қазанда ТүркПА бақы­лау­шы­лар миссиясының мүшелері Бакуде орналасқан бірқатар сай­лау учаскелерінде болып, учас­келік комиссия мүшелерімен, пре­зиденттікке үміткерлердің өкіл­дерімен және сайлаушылармен жүздесті.

10 қазан күні ТүркПА бақы­лау­шылар миссиясы өз бақы­ла­уы­ның қорытындысы бойынша бас­пасөз мәслихатын өткізді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар