12 Қазан, 2013

Қуатты Қазақстан ұлттық идея доктринасы болуы тиіс

602 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

ERA 0845Дамыған мемлекет экспортқа заман талаптарына сай, өңделген дайын өнім шығарса, артта қалған мемлекет шикізат тасымалдайтыны белгілі. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» қағидасына сай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Мен ХХІ ғасыр, Қазақстанның алтын ғасыры болатынына сенемін», дей келіп, бірлік пен бейбітшілік, түсіністік негізінде жердегі әрбір адамның жүрегінде иман ұялап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, адамзатының рухани алтын ғасырына аяқ басқан, қуатты Қазақстан ұлттық идея Доктринасының мақсат-мүддесін айқындап берді.

2013 26 08  07 40 30  086Дамыған мемлекет экспортқа заман талаптарына сай, өңделген дайын өнім шығарса, артта қалған мемлекет шикізат тасымалдайтыны белгілі. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» қағидасына сай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Мен ХХІ ғасыр, Қазақстанның алтын ғасыры болатынына сенемін», дей келіп, бірлік пен бейбітшілік, түсіністік негізінде жердегі әрбір адамның жүрегінде иман ұялап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, адамзатының рухани алтын ғасырына аяқ басқан, қуатты Қазақстан ұлттық идея Доктринасының мақсат-мүддесін айқындап берді.

ERA 0845

Әрбір жүз жылда, қоғамның дамуына қарай жаңа түсініктер өмірге келіп, ұғымдар өзгеріп тұратыны белгілі. Елбасымыз кө­теріп отырған «Адамзаттың рухани алтын ғасырына аяқ басу деген не, алтын ғасыр ұғымдары деген не?», «Адам деген кім?», «Өмір мәні неде?», «Тәрбие деген не?», «Бақыт деген не?», «Адам әлеуетін дамытып, постиндустриялық қоғамға көшу негізі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру деген не?» – деген сұрақтарға философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда ғылыми негізделген түсініктеме арқылы ғана жауап беруге болады.

ХХІ ғасырға аяқ басқан, ақ­параттық нано-био-атом-ядролық қару технологиялары дамыған заманда адамзаттың, әсіресе, өскелең ұрпақтың өмірге біржақты, мате­риалдық көзқараспен қарауы, суицид, нашақорлық, жемқорлық, басқа да рухани аурулар туындап, адами құндылықтар артта қалуы бүгінгі күннің жаһандық, саяси проблемаларына айналып, әлем зиялы қауым мен жұртшылықты қатты толғандыруда.

Бізге бүгінде «Адам болу үшін, надан болмау керек» деген Абай атамыздың өсиетіне сай тіршілік жасау қажет.

Осы орайда қиындықты көп көріп, даналыққа жеткен халық болғандықтан, ақ пен қараны ажыратып, ақылды алға салып, дамыған елдердің жақсы жағынан үлгі алу – уақыт талабы. Профессор Махмұд Хамди Зақзұқ «Ұмытылған құндылықтар» кітабында: «Тап қазіргі кезде, қоғамның тек материалдық тұрғыдан ғана біржақты дамуы, ғалам тепе-теңдігіне әсер етіп, жерде түрлі катаклизмдер тудыруда. Ал рухани құндылық өмірдің барлық саласын дамытуға қозғау салатын негізгі тірек болып табылады. Осы тіректен қалған дамушы күштер бастау алады, өйткені, мұнсыз ешқандай нәрсе жасау мүмкін емес», деп жазады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІ съезінде егемен ел тарихында алғашқы рет идеологиялық бағытымызды нақтылай келіп: «Дағдарыс ашып көрсеткен ішкі проблемалардың үлкен бір бөлігі қоғамның рухани ахуалымен байланысты. «Нұр Отанның» идеологиялық жұмысы қоғамда рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталуы тиіс», деді. Осыған сәйкес, Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжы­рымдамасын қабылдап», жеке тұл­ғаның рухани жағынан қа­лыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып тұр, деп нақтылады. Аста­нада өткізіліп жүрген Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының съездері, адамзат үшінші мыңжылдықта тек рухани негізде ғана біріге алатындығын дәйек­теп беруге ұмтылып келеді. Ал Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы жұ­­мысы негізінде «Ел бірлігі док­тринасы» қабылданып, онда бейбітшілік, теңдік пен жасам­паздыққа негізделген «Ұлт рухын дамыту» қағидаты бекітілді.

Бұл жолғы Саяси доктрина жобасы корпоративті мәдениетімізді ұлт рухын көтеру арқылы іске асыратын құжат ретінде жазылған. Онда қуатты Қазақстан басты ұлттық идея ретінде алынған. Сол себепті, Доктрина алдымыздағы кем дегенде жүз жылдық межені қамтитындықтан, ел үшін ерекше стратегиялық құжат.

Қуатты Қазақстан ұлттық идея­сын іске асыруға бағытталған, кей­бір ұғымдарға тоқтала кетейік:

Қуатты Қазақстан ұлттық идея­сы деген не?

Ұлттық идея – адам өмірінің мәнінен туындайтын ұғым. Адам өмірінің мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы рухани жетілу болса, адамдар қауым­дастығы мемлекеттің ұлттық идея­сы, рухы күшті, қуатты мем­лекет қа­лып­тастыру. Яғни, «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тас­қан мемлекеттің жаңа саяси бағы­тын» іске асыруға бағытталған ал­тын ғасыр Доктринасы.

Доктрина деген не?

Доктрина – лат. «doctrina», ілім, ғылым, оқыту, білімділік деген сөз. Әрбір ұлт, халықтың тіл, дәс­түр, діліне қарай қалыптасқан дүние­танымына сай ұстанымдары негізіндегі саяси, теориялық даму бағытына заманауи көзқарас.

Рух дегеніміз не?

Рух дегеніміз – мәңгі, шексіз, еш нәрсеге мұқтаж емес, бірлікке негізделген, махаббат пен мейі­рім­нен тұратын, таза сана негізіндегі ақыл-парасат, ғаламдық қуатты өрістік негіздегі толық жетілген ақ­параттық жүйе, барлық жаратылыс негізі.

Адам дегеніміз кім?

Адам дегеніміз – жан мен тән­нен жаралған, 12 мүше, 62 тамыр, 72 буыны санаға қызмет жасайтын, толық жетілген рухтың білім мен тәжірибе негізіндегі, рухани заңдылықтарды меңгеру арқылы жетілетін бөлігі.

Өмір мәні неде?

Өмір мәні – өмір сынақтары (қиын­дықтары) арқылы рухани жетілу.

Тәрбие дегеніміз не?

Тәрбие дегеніміз – адам бой­ын­да­ғы ата-баба тегінен, әкесі мен анасы арқылы келе жатқан шежірелік, генетикалық ақпарат­тарды баптау. Мінезіңнің жақсы жақ­тарын күшейтіп, жаман жақ­тарын басу арқылы өзіңді өзің же­тілдіру.

Ұлттық тәрбие негізіндегі рухани тазалық ұстанымдарының көр­сеткіштері:

– ой-сана, ниет-пиғыл тазалығы;

– гигиеналық дене тазалығы;

– сөз тазалығы;

– іс-әрекет тазалығы;

– көркем мінезге сай адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығы;

– экологиялық сана негізіндегі қоршаған орта мен табиғатқа деген тазалық.

Бақыт деген не?

Бақыт дегеніміз – рухани заңды­лықтар негізінде ақ пен қараны ажырата білу арқылы күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдап, ал­дыңа қойған мақсаттарға жете білу.

Зияткер ұлт дегеніміз не?

Ол даналықты меңгерген ақыл-парасат иесін қалыптастыру, яғни дәстүрлі рухани заңдылықтар негізінде жан-жақты тазалық ұста­нымдарын меңгеру арқылы ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болатынын түсініп, бір сөзден-ақ көп нәрсені аңғарып, сөз астарын түсініп, ақыл-оймен саралап, жақ­сылыққа даралап, күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдау жолымен алға қойған мақсатыңа жету және де таза өмір сүре білу.

Зияткер ұлт қалып­тас­тыру тетігі қалай іске асады?

Зияткер ұлт қалып­тастыру тетігі тіл мен ділге, дәстүрлі рухани заңдылықтарға, заман талабына ғылыми көзқараспен қарап, адам ой-санасының пирамидалық құрылымының галограммасын күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу арқылы іске асады.

Әлем тәжірибесі көрсетіп тұр­ғанындай, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер ұлт рухын көтеру арқылы нарықтық бәсе­кеде алдыңғы орындарға ие болып, мәдени-экономикалық сала­ларда ірі жетістіктерге жетіп отыр.

Қуатты Қазақстан ұлттық идея Доктринасы деңгейінде іске асырылатын, зияткер ұлт қалыптастыру тетігі, бақыт пен даму кілті қазақ дәстүрін білу ар­қылы ғана жоғары деңгейде іске асатындықтан, өзге ұлттар тарапынан мемлекеттік тіліміз, тарих, мәдениетімізге деген қы­зы­ғу­шылық пен мұқтаждық күн­нен-күнге арта түсері ақиқат шын­дық, ұрпақтарымыздың жарқын болашағы.

Мұхит ӘУЕЛБАЙ.

Соңғы жаңалықтар