12 Қазан, 2013

Медициналық кешен сыйға тартылды

242 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

03-Изображение 6615 1Осыдан он ай бұрын Пар­ламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева іссапармен Қостанайға келгенде осындағы Меценаттар клубының жұмысына сүйсін­гендігін жасырмаған еді. Соңғы жылдары кәсіпкерлерден тұ­ратын бұл қоғамдық ұйым ауру балаларын шетелге емдету үшін тығырықтан шыға алмай отырған ата-аналарға және ком­муналдық қызмет ақысын төлей алмай қарызға батқан ғаріп жандарға да көмек қолын созды. Дариға Нұрсұлтанқызы жыл басында келгенде Қостанай облыстық Меценаттар клубына мүшелікке кіретіндігін, бірге жұмыс істейтіндігін мәлім­деген.

03-Изображение 6615 1

03-Изображение 6615 2

Осыдан он ай бұрын Пар­ламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева іссапармен Қостанайға келгенде осындағы Меценаттар клубының жұмысына сүйсін­гендігін жасырмаған еді. Соңғы жылдары кәсіпкерлерден тұ­ратын бұл қоғамдық ұйым ауру балаларын шетелге емдету үшін тығырықтан шыға алмай отырған ата-аналарға және ком­муналдық қызмет ақысын төлей алмай қарызға батқан ғаріп жандарға да көмек қолын созды. Дариға Нұрсұлтанқызы жыл басында келгенде Қостанай облыстық Меценаттар клубына мүшелікке кіретіндігін, бірге жұмыс істейтіндігін мәлім­деген. Депутат сөзінде тұр­ды. Осы уакыт ішінде облыс Ме­ценаттар клубымен байланысын үзбей, олардың бастамасы және көмегімен жылжымалы медициналық амбулаториялық кешенді Жітіқара аудандық ауруханасына сыйлады. Бұл облыс меценаттарына 53 миллион теңгеге түсті. Ал ол алыс елді мекен тұрғындарының ден­сау­лығын тексеру, озық деңгейде профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін өте қажет. Жыл­жымалы амбулаторияның ішінде рентген, ЭКГ, УЗИ жә­не гастрофибраскоп сияқты ау­ру диагнозын дәл анықтауға мүмкіндік жасайтын заманауи жабдықтардың барлығы да бар.

Облыс әкімі Нұралы Сә­дуақасов медициналық ке­шен­нің алынуына мұрындық болған Дариға Назарбаеваға және қолдау көрсеткен облыс кәсіпкерлеріне рахмет айтты.

– Тек жітіқаралықтар ғана емес, оған іргелес, бірақ облыс орталығынан тым шалғайда орналасқан Қамысты, Денисов аудандарының да тұрғындары бұл заманауи жылжымалы амбу­латорияның пайдасын көретін болады. Жітіқара ауданында 60 мыңдай, Қамысты, Денисов аудандарында осы қаралас адам тұратынын ескерсек, бұл кешен маңыздылығының қандай екенін біле беріңіз, – деді облыс әкімі.

– Денсаулық сақтау саласында қандай қайырымдылық жұмыс жасаса да артық емес. Біз үшін басты байлық – адамдар, – деді Дариға Назарбаева. Дариға Назарбаеваның әлеуметтік маңызды сапары мұнымен шектелген жоқ. Ол жетекшілік ететін «Дегдар» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Жүрек сазы» музыка фестивалі де қостанайлықтарға тарту етілді. Оның аясында әнсүйер қауым Дариға Назарбаеваның концертін тамашалады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар