12 Қазан, 2013

Бюро отырысы өтті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді.

 

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді.

Палата салалық комитеттерге жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мезгілін нақ­тылауға бір топ заң жоба­сын тапсырды. Оның ішінде «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзге­рістер енгізу туралы» Консти­туциялық заңның жобасы бар.

Қазақстан Республикасы Қыл­мыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодексінің және де қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары да өзінше бір топ болды.

Палата қоржынына түскен заң жобалары қатарында меншік құ­қығын қорғауды күшейту, шарт­тық міндеттемелерді қорғауды кепіл­дендіру және оларды бұз­ға­ны үшін жауапкершілікті қатаң­да­ту, қылмыстық іс жүргізу заң­на­масын жетілдіру, сонымен қа­тар, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне түзету енгізу туралы құжаттар бар.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар