Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Атырауда клиника тапшы дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан

898 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл дерек құқық қорғау органдарының бірлескен рейді кезінде анықталды.

Атырауда клиника тапшы дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті полиция және  облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерімен бірге өткізген рейдтік іс-шара кезінде тапшы дәрі-дәрмектерді бірнеше есеге қымбат бағамен сатылғаны  анықталып отыр.

Департаменттің  мәліметіне сүйенсек, қаладағы жеке косметологиялық клиникада бірнеше дәрі-дәрмек лицензиялық құжатсыз әрі заңсыз сатылып келген. Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың туыстары таба алмай жүрген азитромицин мен ингавирин секілді қат дәрі-дәрмектер болған. Клиникадан 636 қаптама парацетомол, 1519 дана цефтриаксон, 1000 қаптама ацетилен қышқылы,  233 ампула лидокаин, 12 қаптама цитрамон, 3 қаптама азитромицин,  117 ампула дексаметазон және өзге де дәрі-дәрмектің 5 мыңнан астам данасы табылды. 

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 214-бабымен (Заңсыз кәсіпкерлік) сотқа дейінгі тергеу басталды.