12 Қазан, 2013

Әкімнің экс-орынбасары ұрлаған 2 млрд. теңгені қайтарды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 10-KilmisМаңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ басқармасының экс-төрағасы Асқар Нұрғалиев мемлекетке келтірген шығынды толық өтеді.Бұл туралы «ОКО» газеті жазды.

А. Нұрғалиев және мемлекеттік қызметтегі басқа да тұлғалар 2010-2011 жылдары қызмет бабын асыра пайдаланып, инвестициялық жобаларды бекітпестен, «Авиакомпания ИнвестАвиа» компаниясының пайдасына қажет қосалқы бөлшектерін сатып алу туралы

заңсыз шешім қабылдап, мемлекетке 1 826 053 300 теңге шығын келтірген.

Баспасөз мәслихатында облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Берік Әбілов осы іс бойынша мемлекетке келген шығынның толық өтелуіне байланысты қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар