Алматыға Ресейден COVID-19 вирусына қарсы медициналық препараттардың ірі партиясы жеткізілді. Мегаполисте дәрі-дәрмектің тұрақты қорын құру үшін 5 млрд теңге бөлінді.

Алматы қаласының халықаралық әуежайына дәрілік препараттар тиелген екі бірдей ұшақ келіп қонды. Ресейден 55 тонна медикамент жеткізілді. Әуе лайнерімен келген жүк құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат, шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем ұнтағы, эноксапарин-бинергия және басқа да дәрілер қамтылған.
Медициналық препараттарды азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізу – Үкіметтің нарықты ең қажетті дәрілермен шұғыл толықтыру үшін жүзеге асырған шараларының бірі. Ендігі жерде нарықты қамтамасыз ету үшін және дәріхана желілерін қажетті препараттармен үнемі толықтырып отыру үшін осындай рейстер тұрақты түрде орындалады.
Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, дәрілік құралдар мен препараттар декларациялау арқылы үш күн ішінде сертификатталады.
Алматыға әкелінген дәрілік препараттарды төрт ірі фармацевтикалық компания дәріханаларға жеткізумен айналысады. Бұл «Медсервис плюс» КФК» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ, INKAR желілері. «Химфарм» АҚ өкілі:
– Компания барлық қажетті шараны қолға алып, тек өз кәсіпорнында дәрі өндіру көлемін ұлғайтып қана қоймай, сонымен бірге Ресейдегі серіктестерімен – вирусқа қарсы препараттар шығаратын «Акрихин» компаниясымен байланысқа шықты. Олар өндіретін вирусқа қарсы препараттар қазақстандық «Химфарм» компаниясында шығарылмайды. Осы серіктестіктің, сондай-ақ Мәскеуден көліктік әуе бортын ұйымдастыру үшін екі мемлекеттің көрсеткен жедел қолдауы арқылы Қазақстанға «Осельтамивир» препаратының үлкен партиясы бар рейс келді. Аталған препарат дистрибьютерлік компанияларға дереу беріліп, еліміздің дәріханаларына жақын күндері жеткізіледі, – деп мәлімдеді.
Бір атап өтерлігі, Ресей Федерациясынан келген жүктен өзге, Алматыға шілденің соңына дейін шамамен әлеуметтік маңызы бар 4,2 млн қаптама дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде.
– Үкіметтің қолдауының нәтижесінде ең қажет препараттар жеткізілді. Мұнда өте қажет дәрі-дәрмектің 13 түрі бар. Үндістаннан да жүк келеді деп жоспарланған, – деді «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова.
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша дәрі-дәрмектерді іркіліссіз жеткізу үшін өндірушілермен, ірі жеткізушілермен және дәрі-дәрмек дистрибьютерлерімен белсенді жұмыс жүргізілуде. Барлық фармкомпаниялар 1 шілдеден бастап дәріханаларға әлеуметтік маңызы бар 581 мың дана препарат жеткізді. Оның ішінде парацетамол, аспирин, ингавирин, ибупрофен, азитромицин және басқа дәрілер, сонымен қатар термометр бар.
Дәрі-дәрмекке деген сұраныс артқан кезде қала әкімдігі, жеткізушілер мен дәріханалар желісі өзара келісімге қол қойып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектің 41 түрі дереу жеткізілетін 105 дәріхана нақтыланған болатын. Дәрі-дәрмек жеткізу, бағасын көтермеу және бір қолға үш қаптамадан артық дәрі бермеу тәртібі ретке келтірілуде. Сонымен қатар аталған 105 дәріханада дәрілердің өту процесіне, олардың 10 түрінің және термометрлердің қанша қалғанына күн сайын мониторинг жүргізіледі.
Қала әкімі Б.Сағынтаев Алматыда дәрі-дәрмектің тұрақты қорын құру үшін 5 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Бұл қаржы жеткізушілердің ағымдағы бағамен 6-8 айға жететін дәрі-дәрмек сатып алуына және оны халыққа қолжетімді бағамен өткізуіне бағытталуда.
АЛМАТЫ
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар