Азық-түлік, жеміс-жидек пен витаминдер салынған 1500-ден астам пакет таратылды. Акцияға белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер де атсалысты.
«Jas Otan» ЖҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Бақдәулет Жанділдаевтың айтуынша, бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.
- Бүгін ержүрек дәрігерлерге арнап арнайы акция ұйымдастырдық. Олар барша адамзатты әбігерге салған қауіпті індетпен күнделікті күресіп келеді. Бұл шараны басқа өңірлерде де жалғастыратын боламыз. Індетті бірлесіп жеңетінімізге сенімдімін.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күреске 2,5 мыңнан астам, ал Алматыда 4 мың медицина қызметкері жұмылдырылған.