Мен кісі танысам, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолы таза адам. Харамнан мал жиып, тобырдан топ құрып, иман сенімін, абырой беделін лас дүниеге айырбастаған адам ол емес.

Айтаққа еріп, айнала шауып, ойқастап кеткен кезін де көрген жоқпыз. Шынымызды айталықшы, Қазақстанның жаңа тарихында билікке араласқандардың арасында жаман істерден бойын аулақ ұстап, арын таза сақтап қала алғандар көп пе? Қай басшыға таза адам деп мінездеме бере алар едіңіз? Біздің биліктегілер ұят иман, обал сауап иммунитетінен аластайтын пандемияға шырмалғалы қай заман?! Сол қара тасқынға тосқын қойылар кез жеткенін халық біліп отыр. Наразылықтың, әсіресе соңғы кезде қатты өршіп кеткені де содан. Ел сең қозғалғанын сезді, бұған енді бөгдедей бөгет, тосқауыл жоқ. Тек алға жүру ғана бар. Президентіміз маңындағылардан өз бойындағы тазалықты, өз бойындағы зиялылықты, білімпаздықты, мәдениетті талап ететіні көрініп тұр. Оған қарсылар көп болатыны да содан. Тазарту дегеніміз – жаңадан жасап шыққаннан да гөрі қиямет жұмыс, дейді Шығыс мәтелі. Ол рас. Одан гөрі бәрін көлдеңдетіп белінен бір-ақ сызып қайта бастау оңай шығар, бірақ бұл әдіс біздің елде жүрмейді.
Ілекең, Ілияс Жансүгіров кезінде:
Халқыңның сырын өзің білесің де,
Ісіне күйесің де, күлесің де,
Қаласың кейде ренжіп, кейде мәз боп,
Әйтеуір, сол халықты сүйесің де, –
дегенде осының бәрін басынан өткерген соң жазған. Асылы, бұл дүниеде жаңа ешнәрсе жоқ деген дұрыс сөз. Біздің зиялылардың ұстанымдары, дүниетанымы, қалыптасу принциптері басқаша болып келді. Кейбіреулердің Президентімізге «Сталин бол!», «Назарбаев бол!» деп теп-тегін ақылдарын тепе-тең үлестіріп жүргендерін көзіміз көріп отыр. Ешқашан ешкімге разы болмайтын енді бір топ сол баяғы керауыздыққа салып атқарылған орасан көп жұмыстардың бәрін де жоққа шығаруда. Әлбетте, кім болу, қай жолды ұстану Президенттің өзі шешетін мәселе. Менің ойымша, ол Сталин де емес, басқа да емес, Тоқаев болуы керек. Себебі елге жаңа леп керек. Жаңа көзқарас керек. Таза ауа керек!
Мына індет көп нәрсенің бетін ашты, кім екенімізді, жаңаның жанталаса жұмыс істегенмен жақсы нәтижелерге қол жеткізудің қиындығын көрсетті. Бірақ елде ауызбіршілік бар. Ең басты жеңісіміз осы болса керек. Қазақ дәрігерлер әлемі бұрын-соңды мұндай сынды басынан кешірген жоқ. Шан шараф, ізет үрмет оларға! Олар халықты қалай сыйласа, халық та, Президентіміз де оларды солай құрметтеуде. Осы сапарда жан тапсырғандарды ақ шейіт деп бағалайық және бұл дәстүр әрі қарай жалғасын табатынына сенеміз. Халықты қолы да, жолы да лас адамдар басқара алмайды, басқарам деген күннің өзінде ондай биліктің түптің түбінде берекесі кететінін ел көріп отыр. Халық біріксе таза адамның ғана маңына топтасады. Індеттің кететініне сенелік. Ешқандай пәле мәңгі орнап қалмайды. Бұл сынақ. Рас, билік дайын еместігін көрсетті. Рас, осындай қысылтаяңда пиғылы жаман адамдар қара басының қамымен пайда тауып қалуға ұмтылып жүргенін де көрдік. Халық шаруашылығы салаларын мамандар емес, кездейсоқ менеджерлер басқарғандықтан ойсырап қалғанының да куәсі болдық. Ел осының бәрін айта бастады. Кеше айта алдық па? Бірақ айту деген аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып қоясын ақтару емес. Ескі өлеңде айтылғандай жылауға рұқсат берілді екен деп даланы басымызға көтеріп байбалам салу емес. Берекет табыңыз, бір сәт әлеуметтік желілердегі мақалаларға және оларға жазылған комментарийлерге назар аударып көріңізші, қазақ ХХІ ғасырдың толыққанды ұлты емес, ортағасырлардың бауын шуына малып, өз нәжісіне өзі малтып жүрген қара тобыры емес пе деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін. Әдеп иесі болуға тиіс әйелдер әлеуметтік желілерді шаңқылдап, шаптығысатын алаңға айналдырып алған секілді. Әйел секілді еркектер туралы әңгіме басқа. Мен бұрын кешегі Мұхаң («Бесігіңді түзе»), Ғабең («Ана туралы, әйел хақында...»), Сәбеңдер («Ботагөз») неге ылғи әйел әдебі туралы жаза берген деп ойлаушы едім, соның мәнін енді түсініп келе жатқан секілдімін. Сонда біздің 100% сауатты елге айналып, әлемдік мәдениет қайнарларынан сусындап өскен, өркендеген, қалыптасқан, толған, толысқан ұлтқа айналғанымыз қайда? Тап мына түрімізге қарағанда кешегі ат тағалап, атан қомдап өскен, «бір ұрты қан, бір ұрты май қазақтар» (Абай) бізден гөрі анағұрлым мәдениетті, анағұрлым парасатты болған сыңайлы ғой.
Ел қиналып жатқанда сырттан тегін келген дәрі-дәрмекті саудаға салатындар күн сайын ұсталып жауапқа тартылуда. Кейбіреулер бұдан былайғы жерде ақша жеп қойғандарды ғана емес, қолынан іс келмей орнынан түскен Үкімет мүшелері мен әкімдерді де жауапқа тарту керек деп талап етуде. Екі-үш жыл министр не әкім болады, ішеді, жейді, соңында түк болмағандай сүттен ақ, судан таза болып «денсаулығына байланысты» немесе «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» көзден таса, көңілден ғайып болып кете барады. Бұлардан неге жауап алынбайды? Ондайлар о баста қайда, неге бара жатқанын білмеді емес, білді ғой. Жұмыртқадан жүн қырқатындар бізді әлі талай уақыт өкшелеп отырады. «Әуелі экономика» деген сөзді ебін тап та екі асап үйрен деп түсінгендердің қайта тәрбиеленуі қиын. Қазақтың зиялылары мұның буынға түскен жегі құрт екенін айтумен келеді, әлі де айтуда. Бірақ оған құлақ асқан билік болмады. Ұлт зиялыларына «жаңа заман талабын дұрыс түсінбейтін консервативті топ» деп ат қойып, айдар тағылып, идеялары күресінге тасталды. Есесіне түйені түгімен, биені бүгімен жұта білетіндер «менеджерлер» деген жаңа есіммен айбарланып, ат ойнатып алға шықты. Итке итсің деп айта алмау қандай жаман. Әсіресе оның ит екенін шыққыр көзің көріп тұрса. Қазақстан маман даярлаудан гөрі, кадр даярлаудан гөрі бір орталыққа, бір мақсатқа бағынған менеджерлер тобырын дайындауға битін сығып кірісті. Мұның несі жаман десеңіз, менеджерлер деген сала мамандары емес, тек қаржы-қаражат ағымын бақылап, керек жүйеге бұрып отыратын жанды роботтар үйірі болып шықты. Қазақстанда жүздеген жылдар бойы қалыптасқан мұнайшылар династиялары болды, жетпіс-сексен жыл бойы қалыптасқан диқандар, агрономдар, металлургтер, механизаторлар, мұғалімдер, малшылар әулеттері болды. Қайда солар бүгінде? Таза еңбек адамдарына деген құрмет қайда? Мұнайды жеті ата, жетпіс жеті бабасында қолына бұрғы ұстап көрмеген қу аяқ менеджерлер басқарғаны нәтижесінде ел арасы бүлінген кезде болды, бірақ одан нәтиже шыққан жоқ. Малшы асылы малын баққаны дұрыс, ол металл қорытып қатырмайды.
Қазір әркім әр жаққа тартпай Президентіміздің маңына топтасып жұмыс істеуіміз керек. Ол екі қарпып, бірін өзіне алып қалатын адамға мүлде ұқсамайды. Біз бағынсақ, тазалыққа бағынамыз.
Бұл бізді толғандырып жүрген мәселелердің бір парасы ғана. Көңіл жеткен жерлерге өмір жеткей, әлі талай айтатын боламыз. Бізде Қазақстаннан басқа Отан жоқ. Оны меншіктеп алуға ешкімнің хақысы жоқ. Ол қазақтың ортақ байлығы.
Біз жаңа басшылықтан Мұхтар Әуезовтің тілімен айтсақ, жыл келгендей жаңалық күтеміз және осы жолда қолдан келген көмегімізді аямаймыз.
Есенғали РАУШАНОВ,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Бүгін, 22:00
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Ұқсас жаңалықтар