Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Ақтөбеде ардагерлер төсбелгімен марапатталды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы Полиция департаменті мен ардагерлер кеңесі ұдайы ІІМ ардагерлеріне қамқорлық көрсетіп келеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Ақтөбеде ардагерлер төсбелгімен марапатталды

Полиция қызметкерлері мерейтойлар мен естелік күндерді ұмытпайды, қазіргі пандемия уақытында ардагерлердің жағдайларына алаңдап, моральдық тұрғыда қолдау көрсетеді, сондай-ақ осы күрделі кезеңде орын алған мәселелерді шешуге көмектеседі.

Өз кезегінде отставкадағы көптеген полиция қызметкерлері жұмысқа жаңадан ат басын бұрған жас мамандарға өз тәжірибесімен, естеліктерімен бөлісіп, тәлімгер болады. 24 шілде күні ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин ІІО-ның төрт ардагерін "ІІМ құрметті ардагері" төсбелгісімен марапаттады.

Ардагерлер ұйымдарының жұмысына қосқан үлесі, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені, олардың кәсіби шеберлігін арттырғаны үшін отставкадағы милиция полковнигі Меруерт Абдугалиевна Мусина, милиция подполковнигі Набат Рашитұлы Қарабеков, милиция майоры Оразғали Қанафияұлы Қайыпов, полиция капитаны Қалдыбергенов Шунишбайұлы Шәріпов марапатталды. Іс-шараға әлем чемпионы Раиса Байлиева да қатысты. Ол осындай жылы қабылдауларға риза болып, ІІО-ның барлық ардагерлеріне баға жетпес тәжірибені жас буынға үйретіп, бейбітшілік пен тыныштыққа демалуға тілек білдірді.