Білім • 27 Шілде, 2020

Қарағанды облыстық білім беру басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық білім беру басқармасының жаңа басшысы болып Гүлсім Қожахметова тағайындалды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық білім беру басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Гүлсім Шабданқызы Қожахметова 1971 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келді. Жезқазған педагогикалық институтын 1994 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Сәтбаев қаласындағы №19 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2006 жылы мемлекеттік қызметке келіп, Сәтбаев қаласының білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеген. 2008 жылы бөлімнің бас маманы болды.

2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап осы тағайындалғанға дейін Қарағанды қаласының білім беру бөлімінің басшысы болды.

Ал бұған дейін облыстық білім беру басқармасына жетекшілік етіп келген Есенғазы Иманғалиев Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.