Әлем • 28 Шілде, 2020

Әлемде вирус жұқтырғандар азаймай тұр

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус соңғы 6 апта ішінде әлем бойынша КВИ-мен ауырғандар саны екі еселенгенін, сол себептен Төтенше комитеттің отырысы өтетінін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде вирус жұқтырғандар азаймай тұр

"ДДСҰ-на 16 миллионға жуық адамның ауырғаны, 640-тан астам жанның көз жұмғаны туралы мәліметтер бар. Халықаралық медициналық-санитарлық нормалардың ережесіне сәйкес Төтенше комитет жиналып, пандемия жағдайын талқылау керек деп есептеймін", - деді.

ДДСҰ-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламалар бойынша директоры Майкл Райан: "COVID-19-дың таралуының бұл екінші толқыны ма, әлде екінші шыңы ма деп ғылыми тұрғыда әңгіме өрбітіп, дауласа беруге болады, алайда мәселе мұнда емес. Қазіргі басты міндет, індетті өршітпеген елдердің тәжірибесін алып, вирустың тарала беруін ауыздықтауда", - деп мәлімдеді.

Енді сы аптада ДДСҰ-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің отырысы күтілуде.