"Qazaq air" АҚ әуе компаниясы аталған зақымдарды тексеру бойынша техникалық комиссия құрылды. Осылайша, диаметрі 2 мм-ден 6 мм-ге дейін, қалыңдығы 1 мм-ден 2.5 мм-ге дейін фюзеляж тойтармалары орналасқан жерлерде күйдірілген учаскелер түрінде сегіз зақымдану нүктесі табылды. Бұл ұшу бағыты бойынша найзағай жағдайында атмосфералық электр қуатының разрядталуы нәтижесінде алынған зақымдарға тән.
"DeHavillandAircraftofCanadaLimited" ӘК өндіруші компаниясының сервистік қызмет көрсету және техникалық сүйемелдеу қызметі планер конструкциясын жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Қазіргі уақытта әуе кемесі пайдаланылмайды. Пайдалану әуе кемесі қаптамасының көрсетілген зақымдануларын уақытша жөндеуді орындағаннан және әуе кемесін пайдалануға рұқсат беру туралы техникалық актіні ұсынғаннан кейін жаңартылады.
Осы авиациялық оқиға авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру Қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган комиссиясының тексеруіне жатпайды. "Qazaq air" ақ әуе компаниясы авиациялық оқиғаға жеке тексеру жүргізуде.