Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әр төрт жыл сайын Олимпия ойындарының бағдарламасына өзгеріс енгізіп, спорттың жаңа түрлерін қосып отырады. Мәселен, ХОК 2016 жылы тамыз айында өткен кезекті сессиясында Токио Олимпиадасының бағдарламасына карате, серфинг, бейсбол, құзға өрмелеу және скейтбординг спортын енгізу туралы шешім қабылдады.

Жастардың қызығушылығы жоғары
Шыны керек, көп жанкүйер бұл спорт түрлерінің тек атын естігені болмаса, етене таныс деп айта алмаймыз. Алғаш көрген сәтіңізде «ә» дегеннен өзіне баурап алатындай еш сиқыры жоқ спортты не үшін Олимпия ойындарына енгізген деп таңдануыңыз мүмкін. ХОК аталған спорт түрлерін Олимпиада бағдарламасына бекерге енгізген жоқ. Өйткені серфинг немесе скейтбординг спорты ересек жанкүйерлерге қызықсыз болса да, жастар арасында кең танымал спорт саналады. Ал ХОК осындай спорт түрлерін Олимпиада бағдарламасына енгізе отырып, жастардың Олимпиадаға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Жуырда британиялық The Economist басылымы егер ХОК шынымен Олимпия ойындарына жастарды қызықтыруды мақсат тұтса, онда ұлттық құрамаларға киберспорт бәсекесінен де жарысуға мүмкіндік беру керек деген бастама көтерді. Ал осыдан екі жыл бұрын Индонезияда жалауы желбіреген жазғы Азия ойындарында киберспорттан демонстрациялық жарыс өткен еді.
Киберспорт Олимпия ойындарындағы ат спорты немесе қысқы спорттағы керлингке қарағанда едәуір танымал. Статистика бойынша, киберспорттың дүние жүзі бойынша 400 млн-нан астам жанкүйері бар екен, олардың 201 млн-ы бос уақытында қызығушылық танытса, 253 млн көрермен тұрақты қарайды. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, бұл көрсеткіш екі жылдан кейін 600 млн-нан асатын көрінеді. Бейне ойындарды тамашалайтын жанкүйерлердің 60%-дан астамы – 18-35 жас аралығында.
Көп адам киберспорт деп атайтын бейнеойындар шынайы спорт бола алмайды деп есептейді. Бірақ кәсіпқой лига сияқты жасалған онлайн ойындар стадионды толтыра алатын заманауи спортпен тең дәрежеде бәсекеге түсе алады. Мәселен, орта есеппен алғанда әлемде 200-ге жуық теннисші ғана ірі турнирлерге қатысу арқылы табыс табуы мүмкін. Ал небәрі 5 адамнан құралған командалар Fantasy League (киберспорт бәсекелерінің бірі) жарысына қатыса отырып, мыңнан аса адам әжептәуір пайдаға кенеледі. Аталған лиганың өткен жылғы финалын 44 млн-ға жуық жанкүйер тамашалаған.
Жаңадан ойлап табылған спорт түрін әлемге кеңінен таныту әрдайым қиын болған. Мәселен, 1314 жылы Англия королі Эдуард II ер балаларға садақтан оқ атып үйренуі керек екенін айтып, футбол ойнауға тыйым салған еді. Ал XIX ғасырда АҚШ-та кейбір ұйымдар бейсболды азарт ойыны деп қарсы шыққан. Ал қазір екеуі де әлемдегі ең танымал спорт саналады.
Киберспорт та заманауи спорт сияқты кәсібилік пен жылдамдықты талап етеді. Кәсіпқой ойыншы секундына бес түрлі әрекетті жасап үлгеруі керек. Сонымен қатар бейнеойындар ат спортына қарағанда арзан әрі шұғылданғанға оңай.
Қарсылар мен жақтаушылар үшін
Киберспортты сынаушылар бейнеойындарды зорлық-зомбылыққа, әскери ұрысқа және тағы басқа арам пиғылға итермелейді, ал Олимпиаданың мақсаты – әлемде тыныштық орнату дейді.
Олимпия ойындарының тарихына зер салатын болсақ, әскери рухтағы спорт түрлеріне Олимпиада бағдарламасында орын жоқ деген талап жоқ. Мысалы, біздің заманымызға дейінгі 708 жылда найза лақтыру, еркін және грек-рим күресі секілді спорт түрлері бағдарламаға енген және бүгінгі күнге дейін Олимпиада бағдарламасында бар. Ол аз десеңіз, нысана көздеу мен семсерлесу спорты кіретін заманауи бессайыс та – ең алғаш әскерлерді соғысқа дайындау үшін ойлап табылған спорт.
Бұдан бөлек, киберспорт жанкүйерлері футбол немесе шайбалы хоккей көрермендері секілді қала көшелерінде жанжалдасып, тәртіпсіздік орнатпайды. Сонымен қатар бейнеойындардың ірі компанияларға тиесілі екені де еш кедергі емес. Өйткені Олимпиада арқылы да трансляция мен демеушілердің қолдауымен млрд-тап табыс таба алады. Бір жағынан коммерциялық рухтың болуы ойындардың жоғары көңіл күйде және ойын-сауық түрінде өтетініне кепілдік береді. Және де киберспорт Олимпия бағдарламасына енсе, ойынды жасап шығатындар тағы да қызықты әрі тартысты ойындарды жасауға ұмтылады.
Киберспорт Олимпия ойындарының құрамына еніп, бірақ өзін ақтамаса да ХОК ештеңе жоғалтпайды. Өйткені келесі Олимпиада бағдарламасынан шығара салады. Бұған дейін де мұндай жағдайлар көптеп кездескен. Мәселен, крокет, арқан тарту, жекелей синхронды жүзу сияқты спорт түрлері Олимпиада бағдарламасына кіріп, кейіннен шығып қалған.
Қазақстандағы киберспорттың жағдайы қандай?
Елімізде бейнеойындар 2018 жылы ресми түрде спорт түрі деп танылды. Киберспорт жанашырларының құрған Qazaq Cybersport Federation республикалық қоғамдық бірлестігі Мәдениет және спорт министрлігінің тарапынан қолдау мен ықыласқа ие болған.
Ресми дерек бойынша Қазақстанда 500-ге жуық кәсіби киберспортшы бар. Бірақ олардың барлығы халықаралық ареналарда өнер көрсетіп жүр дей алмаймыз. Қазақ киберспорт федерациясының (ҚКФ) вице-президенті Евгений Богатыревтің сөзіне қарағанда, елімізде табыс тауып жүрген 30-ға жуық кәсіби киберспортшы бар көрінеді.
– Нақты кімнің кәсіби киберспортшы, ал кімнің әуесқой ойыншы екенін айта алмаймыз. Себебі олардың кәсіби деңгейін айқындайтын әдісті әлі дайындап жатырмыз. Алдағы уақытта киберспортшыларға да ресми түрде «спорт шебері» немесе «спорт шеберіне үміткер» деген атақ беруді ойластырып отырмыз, – дейді Е.Богатырев.
Бүгінде елімізде 10-ға жуық команда халықаралық бәсекелерде бақ сынап жүр. Солардың ішіндегі ең танымал команданың бірі – Avangar. 2017 жылы команда құрылған кезде ресейлік спортшылар өнер көрсеткен болатын. Ал биылдан бастап бұл командада тек қазақстандық өрендер бақ сынайды. 2019 жылға дейінгі дерек бойынша, Avangar негізгі бес ірі доданың үшеуінде бас жүлде олжалаған. Екі бәсекеде екінші орын иеленген. 2018 жылы CIS Minor Championship 2018 – Boston және IEM Katowice 2018 PUBG, 2019 жылы BLAST Pro Series Moscow 2019 турнирінде топ жарған. Сондай-ақ аталған команда Counter-Strike: Global Offensive жарысы бойынша әлемдік рейтингте үздік ондыққа кіреді, қазір 7-орында тұр.
Esportsearnings сайтының мәліметіне сүйенсек, қазақстандық ойыншылардың жалпы табысы 2 млн долларды құраған, бұл көрсеткішпен Қазақстан әлемде 40-орында тұр. Ал АҚШ ойыншылары 131 млн доллар табыспен көш бастап келеді. Орталық Азия елдерінің арасында Қазақстан киберспорттан алда тұр.
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар