Парламент • 31 Шілде, 2020

Сенат төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Сенат төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

"Айт мейрамы бірлік пен келісімді одан әрі күшейтіп, ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі деп сенеміз. Бұл күн түрлі дін өкілдерінің де өзара түсіністігін нығайтуға зор ықпалын тигізіп келеді.

Қасиетті мерекемен құттықтай отырып, сізге зор денсаулық, бақ-береке және адамзаттың игілігі жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілеймін", делінген құттықтау хатта.