Қазақстан • 02 Тамыз, 2020

"Qazaqstan" телеарнасынан "Жақсылық" көркем фильмі көрсетіледі

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 19:50-де "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасынан Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем және Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров туралы "Жақсылық" көркем фильмі көрсетіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Qazaqstan" телеарнасынан "Жақсылық" көркем фильмі көрсетіледі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген фильм Токио Олимпиадасы қарсаңында елде және шет мемлекеттерде де көрсетіледі деп жоспарланған. Алайда әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты кинотеатрлардағы көрсетілімі кейінге шегеріліп келді. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы еліміздің Мәдениет және спорт министрлігіне көркем туындыны телекөрерменге ұсыну құқығын бергені үшін алғыс білдіреді.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы бұдан бөлек бүгін Жақсылық Үшкемпіровтың қатысуымен түсіріліп, бейнеқорда сақталған "Келбет", "Дара жол", "Сен де бір кірпіш дүниеге..." хабарларын ұсынады. "Abai tv" арнасынан 20:25-те "Сен де бір кірпіш дүниеге..." бағдарламасы, 20:05-те "Qazsport" арнасынан "Келбет" хабары көрсетіледі.