«Жезқазған өңірі бойынша кейінгі күндері жедел медициналық жәрдем қызметіне жүктеме біртіндеп төмендеп келеді. Соңғы аптада вирустық инфекция және оның асқынулары бойынша шақырулар саны 24,1%-ға қысқарды», дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтың өкілдігінің басшысы Ләззат Ранова.

– Өңірде індеттің өршуі біршама бәсеңдегенмен, коронавируспен күрес аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарында босаңсу жоқ болар? Осы орайда, қазіргі эпидемиялық жағдайға қысқаша шолу жасап өтсеңіз.
– Жалпы, дәл қазіргі уақытта Жезқазған өңірі бойынша 2389 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ресми түрде тіркелген. Нақтырақ айтсақ, Жезқазғанда – 849, Сәтбаевта – 559, Ұлытауда – 17 адам. Науқастар санының өсуі 0,26%-ды құрайды.
Өкінішке қарай, 52 адам індет салдарынан қайтыс болды. Көп жағдайда олардың 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар екенін айта кеткен ләзім. Ал инфекция жұқтырғандарды тіркеу басталған сәттен бергі уақыт ішінде 1465 пациент сауығып кетті. Бүгінде стационарларда 218 науқас ем алуды жалғастыруда.
Барлық провизорлық төсек саны 300 болады. Қазіргі уақытта оның 89-ы ғана бос емес. Яғни төсек жүктемелігі азайған. Соңғы екі аптадағы талдау эпидемиялық жағдайдың жақсарып, ауырғандар санының азайғанын көрсетті.
Жедел жоспарға сәйкес провизорлық және инфекциялық госпитальдардың төсек саны 810 орынға дейін арттырылған. Атап айтқанда, Сәтбаев қалалық орталық ауруханасы, Жезқазған қалалық медициналық орталығының Сәтбаев клиникасы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының Сәтбаев бөлімшесі, Жезқазған қалалық көпбейінді ауруханасы, Жезқазған университетінің жатақханасында орналасқан инфекциялық госпиталь, Жезқазған қалалық көпбейінді ауруханасының пульмопровизорлық бөлімі толық қуатында жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, «Кеңгір» қонақүйінде медициналық қызметкерлерге арналған 100 төсектік карантиндік стационар бар.
– Коронавируспен күресте медициналық мекемелердің техникалық тұрғыда жарақтандырылуы маңызды рөл атқарады. Жалпы, өңірдегі стационарлар мен госпитальдар тиісті аппараттармен, құрал-жабдықтармен қандай дәрежеде қамтамасыз етілген?
– «Қазақмыс» корпорациясының және шағын бизнес өкілдері мен жекелеген азаматтардың демеушілік көмегі есебінен Жезқазған және Сәтбаев қалаларында пандемия кезінде 6 өкпені жасанды тыныстандыру (ӨЖТ) аппараты, 174 оттегі концентраторы, 28 пульсоксиметр алынды. Алдағы уақытта Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 3 ӨЖТ аппараты және 70 пульсоксиметр сияқты қосымша жабдықтар сатып алынбақ.
Бұдан басқа, медициналық газ берудің орталықтандырылған жүйесін орнату арқылы пациенттерді оттегімен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
Жезқазған өңірінде екі компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді. Алдағы қазан айында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында қосымша тағы да екі компьютерлік томограф орнатылады. Сонымен қатар қыркүйек-қазан айларында екі заманауи цифрлы рентген аппаратын сатып алу жоспарда бар. Мұның өзі тексерудің қолжетімділігін арттырады, ауруды дер кезінде анықтауға, ауыр түріне ауысуына жол бермей, ем жүргізуге мүмкіндік береді.
Жезқазған өңірінің барлық тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын ерте анықтау және алдын алу мақсатында, әлеуметтік бағытталған компания ретінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның қолдауымен «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС базасында қуаты тәулігіне 500 зерттеу тестісін анықтауға жететін ПТР-зертхана ашылды.
Қазіргі уақытта барлық стационарда жеке қорғаныс құралдарының айлық қоры бар және қосымшасына тағы тапсырыс берілген. Жезқазған, Сәтбаев қалаларының стационарларында дәрілік препараттармен қамтамасыз ету 95%-ды құрайды. Барлық бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар бойынша құрамында жалпы практика дәрігері, фельдшер, мейірбикелер, жүргізуші бар 12 мобильді бригада жұмыс істейді. Олар автокөлікпен және басқа да қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.
Әңгімелескен
Қайрат ӘБІЛДА,
«Egemen Qazaqstan»
Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар