Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Алматыда су басып қалатын учаскелер саны 4 есе төмендеді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үш жыл бұрын ТЖД-нің есебінде нөсер жаңбыр жауған кезде су астында қалу қаупі бар 67 учаске тіркелген еді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алматыда су басып қалатын учаскелер саны 4 есе төмендеді

Бұл мәселені кешенді шешу үшін су астында қалу қаупі бар учаскелердің санын азайтатын пәрменді шаралар қабылданды. Мәселен, 497 шақырым арық желілері салынды, 410 шақырым өзен арналары нығайтылды.

Нақты жүргізілген жұмыстардың арқасында 57 учаскенің су басып қалу қаупі жойылды, нөсер жаңбыр кезінде оларға еш зиян келген жоқ. Нәтижесінде қалада су астында қалу қаупі бар жерлер 4 есе азайды, яғни су басып қалуы мүмкін учаскелер 67-ден 17-ге дейін азайды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша су басып қалу алгоритмі қайта жасалды, қатты жаңбыр болжамы бойынша қолда бар күштер мен мүмкіндіктер қауіпті учаскелерге жұмылдырылды. Қолданылған жедел шаралар мұндай қауіпті аймақтардың санын 7 есеге дейін төмендетті.

Су басып қалуы мүмкін 17 учаске бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, жауын кәріздері, арық желілері салынып, басқа да нақтылы шаралар іске асуда.