Биылғы жаз маусымының бір ерекшелігі жұрт сарша тамызды жылдағыдай жағажайларда емес, көбісі үй жағдайында үнсіз өткізіп жатыр. Әрине табиғатпен етене бірге адам жанының бұлай шектелуі өте қиын жағдай. Бұл ретте руханият айдыны осы олқылықтың орнын толтырып отыруы заңдылық.

Жуырда Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Жаз әуендері» жобасы жүзеге асырылды деген жылы хабарды көзіміз шалып қалды. Қазақстандықтарға облыстық концерттік ұйымдардың үздік концерттері жинағын ұсынуға бағытталған аталмыш жоба ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні Ақтөбе облысы өнерпаздарының концертімен бастау алыпты.
Жалпы, әлемдік коронавирус пандемиясы кезінде YouTube арнасының алдына жиналған жұрттың көбейгенін байқау қиын емес. Арна өз көрермендеріне рухани дем беруде біршама жұмыс атқарып отыр. Карантин кезінде қазақстандық үздік шығармашылық ұжымдардың өнерін қолдау, ұлттық құндылықтарды насихаттау, өнердің түрлі жанрларын кеңінен дәріптеуде Қазнет қадамдарының бұл бағытта жемісті екенін айта кетуіміз керек.
Жоғарыдағы жоба да осы алаң арқылы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» жанындағы Концерттік-гастрольдік қызмет орталығының жұмысын жандандырып отыр.
Бүгінге дейін 15 өңірдің филармониялары жанындағы шығармашылық ұжымдардың онлайн-концерттері Министрліктің осы YouTube арнасы арқылы көрсетіліп, көрермендерге ұсынылған. Жоба тамыз айының соңына дейін жалғасып, оған 30-дан астам концерттік ұйымдар тартылады деп күтілуде екен.
Ең қызығы, жобаның жүзеге асырылуы барысында қаралым жөнінен өңірлердің өзара бәсекелесуі де байқалады. Мәселен, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының филармониялары ұсынған онлайн-концерт көрермендерінің белсенділігі осы уақыт аралығында айтарлықтай артқан.
Концерттік-гастрольдік қызмет орталығы жаңа жобаны әлеуметтік желі тетіктері арқылы алдын ала жарнамалап жолға қойғаны да өнерпаздардың шабытын арттырған сыңайлы.
Есепті мерзімге қарасаңыз концерттердің онлайн-көрсетілімдерін 4 000-нан астам адам тамашалап, оң пікірлерін қалдырған.
Бұл дегеніңіз, бір мезетте төрт мың адамдық зәулім залды толтырып аншлагпен концерт бергендей үлкен жетістік.
Шапалағын шыны экранның ар жағынан соғып отырғаны болмаса тыңдармандардың көңіліне бұл да болса жаз шуағын сыйлап отыр.
«Астана» сапына француз футболшысы қосылды
Футбол • Бүгін, 22:35
Елордалық өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу өткізді
Елорда • Бүгін, 22:03
Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады
Әлем • Бүгін, 21:35
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Бүгін, 21:06
Тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтыру енгізілді
Президент • Бүгін, 20:36
Елордалық ҚХА өкілдері киелі орындарды аралады
Елорда • Бүгін, 20:00
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Бүгін, 19:30
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Бүгін, 19:01
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Бүгін, 17:51
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Ұқсас жаңалықтар