Қоғам • 06 Тамыз, 2020

Жылы сөзі дем, дәрісі ем берді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дертке шалдығып, амалы таусыл­ған­дардың ең алдымен дәрігер­ден дәрмен күтетіні анық қой. Шыққан тегі белгісіз осы індеттен адамдарды ара­шалап, аурудың алдын алуда бұл мамандық иелері мықтылық танытты.

Жылы сөзі дем, дәрісі ем берді

Өзім Қызылорда облысы Жалағаш кентінің тұрғынымын. Жасым жет­піс­­тен асып барады. Аяқ астынан дем жетпей, екі өкпем қысып, осы аудан­дағы «Мәдениет» ауылынан ашыл­ған провизорлық орталыққа есімді білмей түсіппін. Әуелгіде 5 күн бойы жансақтау бөлімінде жаттым. Реаниматолог Тимур Баджанов, Нұрболат Тәжмаханов бастаған дәрі­гер­лер мен мейірбикелердің арқа­сында аз күнде жалпы палатаға шық­тым.

Көтерілген қызу түсті, бойымды тіктеп жан-жағыма қарайтын жағдайға жеттім. Осыдан кейін де 10 күндей дәрігерлердің бақылауында болдым. Басын қатерге тіге жүріп қызмет етіп, жанына ауру батып келген әр адамға жылы сөзімен дем, дәрімен ем берген ауылдық аурухана ұжымына – Гүлсім Каюпова, Жамбыл Әбілқасымов, Батыр Іскендіров, Нұрболат Алмағанбетов, Жасұлан Сақыпбек, Бекзат Алтынбек, Раиса Абдуллаева, Сұлушаш Досыбек сынды ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз.

 

Қалилулла ӘБЖӘЛИЕВ,

зейнеткер

 

Қызылорда облысы,

Жалағаш ауданы