Қазақстан • 06 Тамыз, 2020

Алдағы күндерде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

787 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндерде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің хабарлауынша 6-8 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

"Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста және солтүстік-батыста қатты нөсер жауады. Дауыл соғып, бұршақ жаууы да мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа райы ашық болады. Қазақстанның солтүстігі мен орталығында алдағы бір күн ғана жауын-шашынсыз болады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады", делінген хабарламада.