Абай – өз заманының реформаторы, сондықтан қандай iсте де болсын әдiлет пен шындыққа жүгiндi. Ол – өз қоғамының тәлiмгерi. Ұшқыр ойлы жас қауымның рухани жетiлуiне, ел-жұртының өнер-бiлiмге, кәсiпшiлiкке, мәдениетке ұмтылуына, гүлденуiне ересен еңбек сiңiрген «сөзi мен iсi бөлiнбес» қажырлы қайраткер.

Ел басқару, билiк-кесiм айту, «мал бағу», «ғылым бағу», «дiн бағу», «балаларды бағу» iсiнде даналық, хакiмдiк, ақындық, азаматтық, санаткерлiк қабiлет-қарымын танытып, нешеме алуан жаңашылдық қырларын жарқыратып көрсеттi.
Абайдың әңгiмешiлдiк өнерi, ойшылдық өнегесi, даналық дәрiстерi, елiнiң елгезек, естi, парасатты, балғын, балауса жастарына дұрыс бағыт сiлтеп, ән-күйге, жыршылыққа, дастаншылыққа, Еуропа мәдениетiне тәрбиелеуi – ұлт тарихындағы, әлеумет жұмысындағы, ұстаздық жолындағы іргелі iстер едi.
Абайдың әрбiр асыл шығармасы – қалың елдiң назарында едi. Ән болып шырқалды, жатқа толғанып айтылды. Мұхтар Әуезов ынталы жандар жандар үшiн «Абайдың ауылы үлкен бiлгiштiң медресесi сияқты болады» деп жазды. Анығын айтқанда, Абай өз қаражатымен Жидебайда медресе ұйымдастырған. Бұл – 1880 жылдың шамасы. Медреседе жаратылыстану, гуманитарлық пәндер оқытылғаны мәлiм.
«Ескi үлгiде қалма! Өзгерген заманның жаңа тұрпатты қайраткерi болуға әзiрлен!» деп, ақыл айтады екен Абай.
Абайдың философиялық өлеңдерi, афоризмдерi, әндерi қалың қазақтың қасиеттi мүлкiндей ардақталған. Атақты жәрмеңкелерде, астарда, ойын-сауықтарда, түрлiше мәслихаттарда айтылған. Сонымен бiрге XIX ғасырдың сал-серiлерi, халық композиторлары Бiржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Ғазиз, Шашубай, Құлтума, Әсет, сондай-ақ әйел затынан шыққан Асқар, Зейнеп, Сара, Қуандық секiлдi әншi-ақындар және Абайдың өз шәкiрттерi Мұқа, Әлмағамбеттер нақышына келтiрiп әуелеткен.
Және де Мүрсейiт, Самарбай, Дайырбай, Ыбырай, Хасен, Ғабитхан, Кiшкене молда (Мұхамметкәрiм), Махмудтар көшiрген Абай шығармаларының қолжазбалары Ұлы даланың аймақтарына кең тараған.
Ұлы дала тарихындағы Абайдың даналық мектебiндегi әңгiмелердiң тарихи, танымдық, әлеуметтiк, адамшылық мәнi жөнiнде Кәкiтай Ысқақұлы 1909 жылы былай деп жазған: «Абай …әншейiн отырғанда, көбiнесе, өзiнiң қызықты көрiп, көңiлi рахат болатұғын сөзiн ұғар деген бала-шағасы, уа ғайри жөнге талап байыпты жас жiгiттер ортасында өзге ел сөзi, шаруа сөзi cөйленбей, өзiнiң бiлгенiн, сезгенiн айтып, адамның адамшылығы қандай мiнезбен түзеледi, қандай құлықпен бұзылады, ғалымды қалай iздеуге керек, өмiрді қалай кешiрсе жөн болады, бұрын қандай ғалымдар өткен, олардың артықша айтқан сөздерi қандай – әйтеуiр не түрлi насихатпен болсын жастарға ғибрат болып, адамшылығы түзелер деген сөздi айтып отырудан қанша уақыт болса да жалықпай, ынталы көңiлмен бек рахаттанып айтып, ұқтырып отырушы едi».
XIX ғасырда қыз жасауына арналған мүлiктермен (ақ отау, төсек-орын, киiм-кешек, сәукеле, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, құрал-жабдық) бiрге Абайдың қолжазбалары да берілген екен. М.Әуезовтің дерегi бойынша, Пәкизат, Уәсила, Әсия, Рахила, Ғалия, Ғабида, Қаныш дейтiн қыздар ұзатылғанда Абайдың қолжазбаларын жасаудың бiр бөлшегi ретiнде өздерiмен бiрге ала кеткен, көздiң қарашығындай сақтап, қызғыштай қорыған, дұғадай оқыған. Мұндай өнегелi дәстүр грузиндерде де болған. Шота Руставелидiң «Жолбарыс терiсiн жамылған батыр» дастаны ұзатылатын аруға жасау ретiнде берiлген. Ақындықты да, ұстаздықты да, әңгiмешiлдiкті де, шеберлiктi де әлеуметтiк қызметтiң құралы есебiнде қолданған.
Абайдың тыңдармандарына қояр шарты мынау:
Көкiрегiнде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын!
Қабыл көрсе сөзiмдi,
Кiм таныса, сол алсын!
(«Өзгеге, көңiлім, тоярсың»).
Өсиеттей қасиеттi дәрic-әңгiмелерiн тыңдаушылардың қабылдауы, ұғуы, ой түюi, қорытынды шығаруы, мән-мазмұнына тереңдеуi, шығармашылық, зиялылық деңгейi де сараланған.
Бұған:
Буынсыз тiлiң,
Буулы сөзің,
Әсерлi адам ұғылына, –
дегені дәлел.
Адамзат руханияты тарихында шешендiкпен, бiлгiрлiкпен әңгiме-лекция өткiзу үрдiсiн бастаған Пифагор (б.з.д. 576-496 жылдар) екен. Оның екi мың шәкiртi болған. Сонан соң Аристотель (б.з.д. 384-322 жылдар) академиялық сәулеттi бақ iшiнде таңертең (бұл кезде ғылымның күрделi тараулары бойынша) және кешке оқыған. Аристотельдiң өзi Платонның (б.з.д. 428-347 жылдар) лекциясын б.з.д. 367-347 жылдар арасында тыңдаған.
Сахара жұртында Абайдың даңқты жырлары мен ән-күйлерiнен халық қанаттанған, ойын, сезiмiн, қиялын байытқан.
Абайдың кесек, көркем iстерiне, ересен ойшылдық еңбегiне, шешендiк, әңгiмешiлдiк, ақындық өнерiне, бастамашылдық-көсемдiк бiтiмiне құмартып қызыққан сырт елдiң бiр жақсысы: «Жастар, сендерге бақ берген. Ол бақ-күнде ортаңда, қолыңда, бәрiңе неше алуан ұстаздық, үлгi, өнеге үйретiп отырған – Абай! Жылында Абайды бiр-ақ рет көретiн бiздi айтсаңшы!» (М. Әуезов дерегi).
Серік НЕГИМОВ,
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 00:16
«Адырна» журналы жұмысын уақытша тоқтатты
Оқиға • Кеше
Өнер • Кеше
• Кеше
Ұлы дала өркениеті бастау алған байырғы мекен
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Қытай Таяу-Шығыстың гегемонына айнала ма?
Әлем • Кеше
«Б» жоспары дағдарысқа қарсы қалқан бола ала ма?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Big Tech компанияларының қаржылық мәселесі
Бағдарламалар • Кеше
Александр Бублик Барселона турнирін жеңіспен бастады
Спорт • Кеше
Студенттер тұрмыстық вагонды қолды қылған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы әйелдер
Аймақтар • Кеше
Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Шығыс Қазақстан: 70-ке жуық заң бұзушылық анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
2025 жылға қарай 246 ауылға газ тартылады
Қазақстан • Кеше
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады
Кино • Кеше
Сайрамда тойхана спорт кешеніне айналды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
2024 жылға дейін 19 құс фабрикасы салынады
Қазақстан • Кеше
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады – ҰЭМ
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
Шымкентте карантин талаптары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Мағзұм Мырзағалиев: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе
Экология • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары бақилық болды
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қоғам • Кеше
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
Аймақтар • Кеше
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Кеше
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Кеше
Ауа райы • Кеше
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Кеше
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Кеше
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Кеше
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Кеше
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Кеше
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Кеше
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Кеше
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Кеше
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
SpaceX Қазақстанды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін
Технология • Кеше
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
Аймақтар • Кеше
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Елорда • Кеше
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Қоғам • Кеше
Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар