Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Қызылордада екі күнде 36 адам ұсталды

2170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы полицейлері «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Қызылордада екі күнде 36 адам ұсталды

Екі күнде мотокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 187 дерегі анықталды. Оның ішінде түнгі тыныштықты бұзғандар, көлігін заңсыз қайта жабдықтағандар, міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізбегендер, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзғандар бар. Тиісті құжатсыз мотокөлік басқарған 31, мас күйінде көлік басқарған 5 дерек анықталып, 33 мотокөлік айып алаңына қойылды.

Солардың бірі 6 тамыз күні Қызылорда қаласының орталық көшесі бойында тоқтатылған. Оның көлігін спирттік ішімдік ішіп және мемлекеттік белгісіз, еш құжатсыз басқарып жүргені белгілі болды.

Құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6-бөлігімен, 612 бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.