Қазақстан • 08 Тамыз, 2020

Қазақстан мен Израиль сауда-экономикалық қатынастарын кеңейтуге мүдделі

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің Жоғары білім министрі және Су ресурстары министрі, Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының тең төрағасы Зеев Элькинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Израиль сауда-экономикалық қатынастарын кеңейтуге мүдделі

Кездесуде екіжақты байланыстардың өзекті мәселелері талқыланыпжоғары оқу орындары арасында ынтамқтастықты кеңейтусондай-ақ Қазақстан мен Израильде коронавирусты тежеу шаралары туралы және экономикалық жағдайға қатысты пікір алмасу болды.

Елші пандемиямен бірлескен күрес аясында Израильдің жуырда Нұр-Сұлтанда Mashav агенттігінің атынан тапсырған гуманитарлық көмегі  үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Израильдің жетекші медициналық орталықтары мен Қазақстан дәрігерлерінің арасында орын алған консультациялардың маңыздылығы және олардың тамыз айында жалғасуы жоспрланғаны туралы әңгіме болды.

Тараптар пандемия жағдайында биылғы жылдың алғашқы 5 айы ішінде елдеріміз арасындағы сауда айналымы 200 млн АҚШ долларын құрағаны туралы мәлімдеп, оны өсіру мақсатында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның қызметін жандандыру қажеттілігі туралы келісті. Осы бағытта Елшілік жақын арада Израиль кәсіпкерлерінің және Kazakh Invest ұлттық компаниясының қатысуымен онлайн бизнес-форумын ұйымдастыратыны белгілі болды.