Аймақтар • 08 Тамыз, 2020

Атырауда 2 трлн 467 млрд теңгенің өнімі өндірілді

1 мин
оқу үшін

Жыл басынан мұнайлы өңірде өнеркәсіптік өнімнің көлемі 2 трлн 467 млрд теңгені құрады. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп жазады Egemen.kz

Атырауда 2 трлн 467 млрд теңгенің өнімі өндірілді

"Соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 2 трлн 200 млрд  теңгенің өнімі өндірілді. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің көлемі 267 млрд теңгеге жетті. Аталған көрсеткіштің республика көлеміндегі үлесі 20 пайызды құрайды", деді Махамбет Досмұхамбетов.

Мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар "қара алтын" өндіруді тоқтатқан жоқ. Мұнайшылар 25 млн тонна мұнай мен 13 миллиард текше метрге жуық ілеспе газ өндіруге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Толағай қыз

Қоғам • Бүгін, 08:50

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20