Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Қызылорда облысында бір күнде екі адам суға кетті

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше таңертең 4:55 шамасында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Шіркейлі каналындағы көпір маңынан 1992 жылы туған азаматтың суға кеткені жөнінде хабар түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында бір күнде екі адам суға кетті

Оқиға орнына жедел жеткен мамандар 3 техника, 2 қайықпен іздестіруді бастады. 

Осы күні жедел-құтқару жасағының мамандары 13 сағат 40 минутта түскен хабарламаға сәйкес Қызылорда қаласы іргесіндегі "Пищевик" саяжайы маңында суға кеткен 1998 жылы туған азаматтың денесін іздеуге кірісті. Бір сағаттан астам іздеу нәтижесінде суға кеткен адамның денесі табылды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен, Полиция департаментінен, жедел жәрдем бригадасынан барлығы 18 қызметкер, 5 техника жұмыс жасады.

"Осы оқыс оқиғалардың барлығы қарапайым ережелерді сақтамаудан болып отыр. Тыйым салынған және белгіленбеген орындарға суға түсу,  баланы су жағасында қараусыз қалдыру және басқа да қауіпсіздік қағидаларын орындамау әр түрлі қайғылы оқиғағаларға әкеп соқтыруда", – дейді төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше