Спорт • 11 Тамыз, 2020

Футболдан ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңі аяқталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымда футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Біріншілігінің қатысушылары үшін ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Egemen.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңі аяқталды

Трансфер терезесі 20 шілдеде ашылып, 9 тамыз күні жабылды. Командалардың трансферлік белсенділігі туралы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы әлеуметтік желілерде жариялап отырды.

Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига командаларының құрамдарындағы және клуб қызметкерлерінің тізіміндегі барлық өзгерістерді біздің ресми сайттан қарауларыңызға болады.