Оқиға • 13 Тамыз, 2020

Бірыңғай кешенді стратегиялық міндет шеңберінде оқу-жаттығулар жоспарланған

220 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарулы Күштердің аппараттық кеңесі барысында Ақпарат және коммуникациялар департаментінің жаңа бастығы полковник Серік Хабдүлмүталяпұлы Қанапиянов таныстырылды. Ол әскери журналистика және әскери білім беру жүйесінде әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен Львов жоғары әскери-саяси мектебінің журналистика факультетінің түлегі.

Бірыңғай кешенді стратегиялық міндет шеңберінде оқу-жаттығулар жоспарланған

Аппараттық кеңес қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнан­байұлының туған күнінде өтті. Осы­ған байланысты, Қарулы Күш­терде мемлекеттік-құқықтық д­а­йындық жүйе­сін­де ақынның шы­ғар­ма­шылығын зерт­теу бойынша са­бақтар өткізілді. Қорғаныс ве­дом­ствосының басшысы қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құ­нан­байұлының халықтың зияткерлік және ру­хани дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Қазіргі таңда арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақ Бейрут­қа келіп, зардап шеккендерге ме­ди­циналық көмек көрсетуге кі­ріс­­ті. Қор­ға­ныс ведомствосының басшысы тиісті лауазымды адамдарға Ливан Республикасында әскери қызмет­ші­лер­дің қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз етуді тапсырды.

«Әскери дәрігерлердің дағдарыс жағдайында алған жұмыс тәжірибесін зерделеу және әртүрлі жағдайларда медициналық қамтамасыз етуді да­йындау және ұйымдастыру кезінде па­йдалану қажет», деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Сонымен қатар аппараттық кеңес барысында Қарулы Күштердегі сани­тар­лық-эпидемиялық жағдай мәселелері қаралды.

Бөлінген бюджет қаражатын сапалы және уақтылы игеру және бюд­жет­тік бағдарламалардың көр­сет­кіш­теріне қол жеткізу үшін Қорғаныс ми­нистрлігінің, Бас штабтың және Қа­рулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына әрбір көрсеткіштің орындалуына талдау жүргізу және оларға қол жеткізу жө­нінде шаралар қабылдау тапсырыл­ды.

Дәстүрлі түрде жауынгерлік да­йын­дық мәселелері қарастырылды. Күрделі эпидемиялық жағдайға қара­мастан, жауынгерлік даярлық бағ­дарламасы толық көлемде орындал­ды.

Осыған байланысты ведомство бас­шысы бұрын жоспарланған іс-шараларды өткізу бойынша жұмысты жалғастыруды, басқару органдары мен әскерлерді бірыңғай кешенді стра­тегиялық міндет шеңберінде ағым­дағы жылдың қыркүйегінде өткізу жоспарланып отырған оқу-жат­тығуларға сапалы даярлауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қорғаныс министрі атыс дайын­ды­ғының көпфункционалды орта­лы­ғын құру мәселесіне ерекше назар аударды. Орталық әскери қыз­мет­шілердің жауынгерлік даяр­лы­ғы­ның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын армиялық тактикалық оқ атуды және қоян-қолтық ұрысты қамтитын жаңа ба­ғытты дамыту үшін қажет. Кез кел­ген жылдам өзгеретін ортада армия­лық жекпе-жек ұрыс және атыс қаруын қолдану әдістерінің үйлесуі зейінді бөлу дағдыларын, реакция жыл­дам­дығын, байқағыштықты және кеңіс­тік­тік бағдарлауды жақсартады.

Сонымен қатар министр бөлім­ше­­­лердегі жас буынды әске­ри ант қа­­былдағаннан кейін 1 қыр­күйек­ке дейін жауынгерлік әзірлік бо­йынша так­ти­ка­л­ық-саптық са­бақ­тарды мұқият дайындап өткі­зу, сондай-ақ құрамалар мен бө­лім­дер­дің жауынгерлік есептеріне нақтылауларды енгізу қажеттігін атап өтті.