Қоғам • 13 Тамыз, 2020

Әлеуметтік қызметкерлер әдебінің әдістемесі

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі мінез-құлықтың кәсіби этикасы бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітті. Бұл – Қазақстан тарихындағы әлеуметтік сала мамандарының жұмысын реттейтін алғашқы құжат.

Әлеуметтік қызметкерлер әдебінің әдістемесі

Министрліктің мәліметінше, әдістеме­лік ұсынымдар қоғам тарапынан әлеумет­тік қызметкерлерге деген сенімді нығай­туға және олардың мәртебесін арттыруға, әлеу­меттік қызметкерлер мен арнайы әлеумет­тік қызметтерді алушылар арасын­дағы қа­рым-қатынастың жоғары мәдениетін қалып­тастыруға, сондай-ақ әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Құжатқа сәйкес әлеуметтік әділет, адал­дық, гуманизм, құзырет, үздіксіз кәсіби даму әлеу­­меттік қызметкердің негізгі этика­лық қа­ғи­далары болып табылады. Сон­дай-ақ әлеу­­меттік қызметкерлерге қызмет алу­шы­лар­мен, әріптестермен және қоғам­да өзін қа­лай ұстау керек екені туралы ұсыныстар беріледі.

«Әлеуметтік қызмет көрсету, халықпен тіке­лей жұмыс істеу – әдістемелік білім мен дағдыларды талап ететін еңбек. Адам­­­дар қиын өмірлік жағдайда оларға жү­­гі­­неді, бұл моральдық тұрақтылық пен ар­­найы кәсіби этиканы қажет етеді. Әлеу­­мет­тік қызметкерлердің мінез-құлқы қо­ғам­­ның сенімін нығайтуы керек. Сапа­сыз қыз­мет көрсету мен жанжалды жағдай­лар­­дың алдын алу үшін кәсіби этика маман даяр­лаудың ажырамас бөлігі болуы ке­рек. Сон­дықтан Еңбек және халықты әлеу­меттік қор­ғау министрлігі UNICEF-пен бірлесіп әлеу­меттік қызметкерлердің эти­ка­лық мінез-құл­қының әдістемелік ұсыным­дарын әзірле­ді және қабылдады», деді Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.

Бүгінде Қазақстанның әлеуметтік қыз­мет көрсету жүйесінде 30 мыңнан аса адам еңбек етеді, олардың 11 мыңы – әлеу­меттік қызметкерлер.