Спорт • 13 Тамыз, 2020

ҚФФ қыздар футболының жарыстарын жалғастыру бойынша жиын өткізді

7 рет көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясының Әйелдер футболын дамыту комитеті, Қазақстан футбол федерациясының бұқара, әйелдер және жасөспірімдер футболы департаменті мен еліміздегі кәсіпқой футбол клубтарының өкілдері қыздар футболын қайта жандандыру мақсатында жиын өткізді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды  Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоконференция форматында өткен жиында футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатын өткізу және құрамалардың құрлықтық турнирлерін өткізу мәселелері қаралды. Басқосуды ҚФФ Әйелдер футболын дамыту комитетінің төрағасы Бауыржан Әбдубайытов пен ҚФФ бұқара, әйелдер және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев жүргізді.

«Біздің жоспар бойынша әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық чемпионатын 28 тамызда бастау жоспарда бар. Әрине, басты мәселе санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың динамикасына келіп тіреледі. Қазақстан чемпионатына 6 команда қатыспақ. Жарыстар бір қалада және екі айналымнан тұрмақ», - дейді ҚФФ бұқара, әйелдер және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.

«Биыл U17 және U19 жасөспірімдер құрамаларына арналған еуропалық іріктеу турнирінің өтетіндігі тамыз айының екінші жартысында белгілі болады. Бұған дейін УЕФА Атқарушы комитеті күн тәртібінде осы жас санаттарындағы командалардың жарыстарын 2021 жылға ауыстыру туралы ұсыныс болатынын мәлімдеді», - деп түсіндірді ҚФФ Әйелдер футболын дамыту комитетінің төрағасы Бауыржан Әбдубайытов.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын 22 қыркүйекте Австриямен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар