Оқиға • 13 Тамыз, 2020

"Эйр Астана" әуе кемесінің командирі ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президентінің Жарлығымен "Эйр Астана" АҚ Боинг 757/767 командирі Оспанов Ербол Абылайұлы ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Эйр Астана" әуе кемесінің командирі ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

Награданы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов табыс етті.

Оспанов Ербол Абылайұлы азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істейді. 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен біріккен авиаотрядының Ан-2 ұшағының екінші пилоты қызметінен бастады.

Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 әуе кемелерінде Қазақстан Республикасы Президенті экипажының шеф-пилоты, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының" ұшу қызметі жөніндегі директордың орынбасары, Боинг-757, 767 командирі, "Orient Eagle Airways" АҚ шеф-пилоты, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция бастығы лауазымдарын атқарды.

2005-2018 жылдары "Эйр Астана"АҚ вице-президенті болды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әуе кемесінің командирі.