Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

"Тараз-Арена" спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды

3 рет көрсетілді

"Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты.

Қайта атау жөніндегі ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы Свердлов ауданы (Байзақ ауданы) "Чапаев" кеңшарында (Қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Кәсіпорындардың тиімділігі артады

Технология • Бүгін, 06:33

Абдырамай алға ұмтылғандар

Аймақтар • Бүгін, 06:16

Ел дамуына серпін береді

Пікір • Бүгін, 06:06

Шығысқа қар түсті

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар