Елорда • 17 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда ашық аспан аясында кинотеатр ұйымдастырылады

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда ашық аспан аясында кинотеатр ұйымдастырылады

Көпшіліктің сұрауы бойынша, 2020 жылдың 17 және 22 тамыз аралығында даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival іс-шарасы қайта жанданады. Аталған шара "Astana Arena"  стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтетін болады.

Фестивальде қала тұрғындары мен қонақтары дала кинотеатрын тегін көре алады және шетелдік немесе отандық кино картиналарды тамашалай алады. Іс-шара ұйымдастырушылары ешқандай қатынассыз тіскебасарлар мен салқын шырындар жеткізуді қамтамасыз етеді.

"Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы, әлеуметтік арақашықтықты ұстанғаны жөн", дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шара 6 күнге созылады және әр күн сайын 2 көрсетілімнен жүріп отырады. Бірінші көрсетілім сағат кешкі 20:30 басталса, екінші көрсетілім сағат 22:30 басталады.
         
17 тамыз:

1. Жена не стена - режиссері Асқар Бейсенбин

2. Рейд: пуля в голове -режиссері Тимо Тьяджанто, Кимо Стамбол

18 тамыз:

1. Ликвидатор - режиссері Акан Сатаев

2. Во всем виноват енот - режиссері Робин Свайкорд

Іс-шара барысында көрсетілетін фильмдер тізімінің анонсы, ертерек дала авто-кинотеатрының LED-экрандары  мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі және ұйымдастырушы "Enterprise production" компаниясының әлеуметтік желілерінде көрсетілетін болады.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.